Докторантураға түсушілерге арналған ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!

2024 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 11 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін жүргізіледі. 

Өтініш беру кезінде тек тестілеу ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.

Ал тест тапсыру күні, уақыты және орны (мекенжайы) туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.

Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.

МАҢЫЗДЫ: 

TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;

Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек. 2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттардың шекті деңгейлері B1-ге дейін төмендетілді және тізімге TOEIC және Duolingo English Test сертификаттары енгізілді;

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл.

2024 жылдан бастап түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді. Сондай-ақ, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша түсушілер емтихан барысында эссе жазбайды. Ең жоғары көрсеткіш – 80 балл, оның ішінде әңгімелесуге – 25 балл, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хатына (болған жағдайда) – 5 балл және бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Шекті балл – кемінде 50 балл.

Поделиться:
Top