Жетім қалған балалар квотасы

Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! 

Бүгін «жетім балалар» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз! 

Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота 1%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы жетім балаларға арналған. 

Бұл квота бойынша грант конкурсына: 

 екі немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;

 ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

 кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары қатыса алады.

 Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі); 

баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі; 

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама. 

Поделиться:
Top