"Толық емес отбасы" квотасы
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер!
Бүгін «толық емес отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!
Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар квотасы 1%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы толық емес отбасынан шыққан балаларға арналған.
«Толық емес отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші 18 ЖАСҚА ТОЛМАУЫ керек.
Егер ата-ана ажырасқан болса, кемінде 3 жыл өту керек.
Ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда мерзім есепке алынбайды.
Ата-ананың біреуі қайта некеге тұрған кезде квота қолданылмайды.