Документы, необходимые для поступления в Казахстане в 2025 году: что важно знать?

Бұл тізім барлық талапкерлерге, соның ішінде тегін негізде оқитындарға, мерзімді әскери қызметін өтегендерге, квота бойынша оқитындарға және т.б. құжаттарды тапсыру кезінде міндетті болып табылады.

1.      Жоғары оқу орны басшысының (ректорының) атына еркін нысандағы өтініш.

2.      Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа) (шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармамен ұсынылады);

3.      Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

4.      3 x 4 сантиметрлік 6 фотосурет.

5.      075-У нысанындағы медициналық анықтама электронды форматта.

6.      063 нысанындағы медициналық анықтама (егу картасы).

7.      ҰБТ сертификаты

8.      Жеке жетістіктерді растайтын құжаттар (бар болса): «Алтын белгі» белгісі, халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары.

9.      Шақыру куәлігі (ер балалар үшін) – көшірмесі.

10.  А4 форматты конверт және қағаз скоросшиватель (кейбір жоғары оқу орындарының талабы бойынша).

Бұл тізімге қосымша, бар болса, келесі құжаттар қоса беріледі:

·         Грантқа түсу кезінде – білім беру грантын тағайындау туралы электронды куәлік.  Талапкер конкурсқа өтініш берген кезде, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқығысы келетін төрт білім беру бағдарламасын таңдай алады;

·         Квота бойынша оқуға қабылдау үшін қажетті растайтын құжаттар;

·         Арнайы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша оқитындар үшін анықтама;

·         Ректор грантына конкурсқа қатысу үшін құжаттар;

·         Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар азаматтарға тиісті мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілін растайтын құжатты қосымша тапсыру қажет;

·         «Ұшақтарды және қозғалтқыштарды ұшуды пайдалану» білім беру бағдарламалар тобы үшін дәрігерлік-ұшу сараптама комиссияларында медициналық куәландырудан өту қажет.

Соңғы тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, олар салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады, яғни өтініш.

Поделиться:
Top