Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз. 

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 114 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:

талапкерлердің 75%-ы шекті балл жинады;

орташа балл – 68 балл;

ең жоғары балл – 138 балл;

Ерекше білім беру қажеттілігі бар 387 талапкер қатысты. 

Ереже бұзғаны үшін 207 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:

Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 152 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; 

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылды; 

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды; 

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ. 

Үш аптаның қорытындысы бойынша «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75%-ына дұрыс жауап берілген.

Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлер тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Механикалық толқындар» тақырыбы қиын болды.

Поделиться:
Top