Акушерлік және гинекологиядағы мейірбике ісі

  • Пәннің мақсаты: акушерия жене гинекологияда науқастардың мәселелерін шешуге, меірбике білімін және біліктілігін қалыптастыруды, мейірбикелік процесті ұйымдастыру мен icке асыруды үйрету. Оқыту міндеттері:  Жиі кездесетін акушерлік жaғдaйлap мен гинекологиялық патологияның негізгі әйгіленуі туралы қазіргі заманға сай білім беру;  Жиі кездесетін акушериялық жағдайлар мен гинекологиялық ауруларда мейірбикелік процеcтi іске асыруды, бақылау жоспарын құруды және науқаска қажетті күтім көрсетуді үйрету;  Акушериялық-гинекологиялық бағыттағы мекемелерде нормативті құжаттарға сай санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауды және бақылауды үйрету;  Жанұяны жоспарлау мәселелері мен сексопатология негіздері туралы науқастарға, олардың жанұяларына кеңес беруге үйрету;  Акушерия және гинекологиядағы жедел жағдайда дәрігерге каралғанға дейін көмек көрсетуді үйрету. Пәннің аннотациясы: Жоғарғы білімді мейірбике факультетінде акушерия және гинекология пәнін оқыту акушерия-гинекология бағытындағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі мейірбике қызметін басқарушы, мейірбикелік емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыруға, анализ жасауға қабілетті, сондай-ақ санитария-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау мен бақылауды іске асыратын жоғары білікті мейірбикені дайындауға бағытталған. Жоғарғы білімді мейірбике мамандығын бітіргендер әйелдер кеңес орнында, гинекологиялық стационарда, акушер-гинекологиялық бағыттағы медициналық орталықтарда, оның ішінде отбасын жоспарлау орталықтарында, акушерлік стационар (босанудан кейінгі, анестезиология, операция, балалар) бөлімдерінде, мейірбике қызметін көрсетуде жетекші (аға және бас мейірбике) қызметін атқара алады. Сондықтан жоғарғы білімді мейірбикелер акушерия және гинекологиядағы жиі кездесетін аурулардың алдын алу шараларының негізін, диагностикасын және емдерін білулері қажет.
  • Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top