Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Фармакология негіздері
-
Пәннің мақсаты: студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы және мүмкін жағымсыз әсерлерді біліп, олардың алдын алу туралы түсініктерді қалыптастыру. Оқыту міндеттері: - рецепті дұрыс мазмұндай білуді және дұрыс құрастыра білудің жалпы принциптеріне үйрету; - дәрілік түрлерді дұрыс таңдай білу және дәрілік заттарды енгізу жолдарын таңдай білудің жалпы принциптерімен таныстыру; - дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру; - қасиеттерін біле отырып дәрілік заттарды фармакологиялық топтарға жіктеу мүмкіндігіне үйрету; - дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін дұрыс анықтай білуге және оларды жою шараларын білуге үйрету. Пәннің мазмұны: «Фармакология негіздері» пәні барлық мамандықта оқитын студенттердің оқуға тиіс пәннің бірі, өйткені бұл ғылым тірі организмнің дәрілік заттармен әрекеттесуін және тигізетін әсерін зерттейді. Фармакология мультидисциплинарлы ғылым, теориялық негіздерді клиникалық тәжірибемен, әсіресе фармакотерапиямен ұштастырады. Фармакологиялық зерттеулердің құндылығы дәрілік заттардың физиологиялық, клеткалық, субклеткалық механизмдерін анықтауға және білуге, фармакотерапияның организмнің барлық мүшелеріне тигізетін әсерін зерттеп білуге мүмкіндік береді. Болашақ мамандардың (жоғары білімді мейіргер) профессионалдық сферасының кеңділігі фармакология пәнін терең білуін және сонымен қатар денсаулық сақтау ұжымдарының дәрімен қамтамасыз етілуін істей білуін қажет етеді.
-
Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
-
Несиелер 3
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 3