Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Әлеуметтік-саяси пәндер модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
-
Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология, Мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік Бағдарламасында анықталған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контекстіндегі білім алушылардың әлеуметтік-саяси, психологиялық дүниетанымдарын қалыптастыру негізінде компетентті тұлғаны қалыптау, тұлға аралық және қоғамдық тиімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту. Міндеттері: 1) қоғам мен оның жүйелерін оқып-үйренудің негізгі әлеуметтік, саяси, гуманитарлық және психологиялық теорияларын, ұғымдары мен тұрғыларын меңгеру; 2) қазіргі қоғам мен оның институттарының қызмет етуінің негізгі принциптері туралы түсініктер қалыптастыру; 3) қазіргі кезеңдегі қоғамның өзекті проблемаларын, әлеуметтік үдерістер мен қатынастардың өзекті проблемаларын сипаттау мен талдау дағдыларын іріктеу; 4) студенттердің әлеуметтанулық, саясаттанулық, мәдениеттанулық және психологиялық ақпараттарды меңгеру барысындағы алынған білімдерді кәсіби қызметі барысында қолдану дағдыларын меңгерту; 5) психологияның даму кезендері мен оның маңызды салаларын психикалық құбылыстардың, процестер мен жағдайдың негізгі заңдылықтары, танымдық, epiктілік және эмоциональдық процестердің негіздерін, тұлганың психологиялық құрылымы туралы білім қалыптастыру. 6) социумдағы және медициналық ортадағы коммуникациялар кезінде тұлғаның психологиялық жағдайы мен мінезін, қасиеттерін бағалау, психологиялық құбылыстарды талдау дағдыларын меңгерту Пәннің мазмұны: Әлеуметтану және әлеуметтану ғылымының келешегі. Әлеуметтану теориясына кіріспе. Қоғам: әлеуметтік құрылым және стратификация. Қазіргі қоғам және жаhандану: мәселесі және перспективасы. Әлеуметтанулық зерттеулер. Қазіргі қоғамдағы теңдік және теңсіздіктің бағалану ерекшеліктері. Саясаттың формасы, ұйымдастыру құрылымы, институттары, құқықтық және ұйымдастыру нормалары. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мәдениет және оның морфологиясы. Мәдениет семиотикасы. Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың мәдени мұралары мен құндылықтары. ХХ ғасыр және ХХІ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаламасының маңызы. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Психика, мінез-құлық, сана. Таным үрдістері. Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның қажеттілік сферасы. Эмоционалды үрдістер және олардың ерекшеліктері. Қарым-қатынас психологиясы. Конфликтология. Өзара әсерлесу қақтығысында тұлғаның мінез-құлық модельдері. Маман моделі. Карьералық өсу психологиясы.
-
Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1