БМСК ұйымдарындағы мейірбикелік іс

  • Пәннің мақсаты:студенттерді тұрғындарға біріншілік медициналық – санитариялық көмек көрсетуші денсаулық сақтау саласының түрлі мекемелерінің және құрылымдық бөлімдерінің қызметімен, жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптерімен таныстыру. Оқыту міндеттері: Білімі мен түсінігі: - ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі БМСК ролі мен орнын; - БМСК көрсетуші ұйымдардың орта медициналық персоналының функционалдық қызметтерін. Пәннің қысқаша мазмұны: БМСК-ке кіріспе, мақсаттары мен міндеттері. Тұрғындар денсаулығын нығайту және сақтау бойынша іс-шаралар. Қазақстан Республикасында БМСК саясатының негізгі қағидалары. БМСК-ны дамытудың нормативті-құқықтық және қаржылық негіздері. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар профилактикасындағы мейіргердің рөлі. Амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық құжаттама жүргізу. Емхананың балалар бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық топтарын және қауіп топтарын анықтау. Босанғанға дейінгі патронаж. Диспансеризация. Диспансеризация жүргізудегі мейіргердің рөлі. Иммундауға қатысатын мейіргерге қойылатын негізгі талаптармен танысу. Емдеу-профилактикалық мекемелерімен, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және медициналық сақтандыру ұйымдарымен байланыс. Аурулардың алдын алу және азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларын жоспарлау. Пациенттерді зертханалық және инструменталдық зерттеулерге дайындау. Отбасылық мейіргерге қойылатын біліктілік талаптары. Жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу органдары және басқа аурулар кезінде тұрғындарға БМСК ұйымдастырудың қағидалары.
  • Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top