Пациент куйінің клиникалық бағасы және мейіргер ісі негіздері

  • Пән мақсаты: студенттерде мейірбике кәсіби мамандығы туралы, науқас адамдарды бақылау және күту дағдыларын игеру, пациенттермен, оның жанұясымен ара қатынас, жанұяға медициналық көмек мүмкіндіктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сонымен қатар, науқастарды тексеру әдістерін және ішкі мүшелерінде аурулары бар науқастарға мейірбикелік процессті үйрету. Оқыту мақсаттары: • Науқас адамның жалпы практикалық күтімі дағдыларын оқыту • Жанұяға медициналық көмек қажеттілігін анықтау қағидаларын оқыту • Студенттерге науқастарды тексеру (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) әдістерін үйрету • Негізгі ішкі мүшелер аурулары ағымында басты симптомдар мен синдромдарды таба білуді үйрету • Науқасты зертханалық-аспапты тексеру әдістерімен таныстыру • Ішкі аурулар клиникасындағы жедел жағдайлардағы шұғыл көмек көрсету әдістерін үйрету. Қысқаша мазмұны: Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер. Медициналық мекемелердің негізгі түрлері, олардың жұмыс істеу принциптері. Санитарлық-эпидемиялық режимнің тұжырымдамасы. Емдік-күтім режимі туралы түсінік. Ауыр науқастарға күтім жасау. Пациент жағдайын бағалау. Науқастарды тасымалдау. Пациенттерді, сондай-ақ ауыр науқастарды тамақтандыру. Ағзаның өмір сүруінің жеке белгілерін өлшеу, оларды бағалау (термометрия, жүрек соғысын санау, артериалдық қан қысымы, тыныс алу жиілігі, диурезді бақылау). Дәрілік заттармен жұмыс істеу ережесі. Функционалдық зерттеу тұжырымдамасы және оларды орындауға дайындау. Мейірбике ісі, дәрігерге дейінгі көмек. Терминалды жағдайлардағы бақылау және күту. Жалпы білім берудегі ішкі медицина құндылығы. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі міндеттері. Семиотика, диагноз, диагностика ұғымдары.
  • Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top