Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жедел және шұғыл медициналық жағдайлардағы мейіргерлік көмек
-
Мақсаты: Өмірге қауіп тудыратын шұғыл жағдайлар мен қайғылы оқиғалар (шұғыл жағдайлар, жарылыстар, жарақаттар, биотерроризм) кезінде зардап шеккен науқастарға шұғыл мейірбикелік көмек көрсету және күтім жасаудың ерекшеліктері және ұйымдастырдың негізгі принциптері бойынша білім алу және біліктілік дағдылары мен қабілеттілігін арттыру. Міндеттері: • Жедел шұғыл көмек көрсету барысында мейірбикенің медициналық этикасы мен деонтологиясын білу; • Клиникалық практикада кездесетін кең таралған аурулардың негізгі синдромдары мен симтомдарын білу; • Клиникалық практикада шұғыл жағдайлар кезінде ОМҚ деңгейінде алғашқы медициналық көмекті көрсету және симптоматикалық ем жүргізу негіздерін қалыптастыру; • Шұғыл және өмірге қауіпті жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсету үшін, негізгі диагностикалық және емдік қабілеттілігі мен дайындығын дамыту; • Аса қауіпті инфекциялық ошақтарда халықты қорғау мақсатында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қабілеттілігі артыру. Аннотация. Медицина маманы болғанына қарамастан, алғашқы көмек көрсету адамның басты міндеті болып саналады. Өмірге қауіп төндіретін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі қағидаттарын білу, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері келешек дәрігерлерге мыңдаған науқастарға дұрыс ем тағайындауына және өлімнен аман алып қалуға көмектеседі. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін, кез келген зардап шегушіге дер кезінде дұрыс медициналық көмекті көрсете алу үшін, жедел шұғыл медициналық көмек көрсетуді оқыту қажет. Бұл емдеудің келесі медициналық кезеңінің тиімділігін айтарлықтай жоғарлатады және ең бастысы, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердің (науқастардың) өмір сүру деңгейін арттырады. Төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету және жедел медициналық көмек көрсетуде үнемі білімді жетілдіріп отыруды талап етеді. Бұл жедел шұғыл медициналық көмекте ОМҚ кәсіби қызметі үшін қажетті жалпы және арнайы білімдерді, дағдыларды және манипуляцияларды үнемі тереңдетіп дамытуға көмектеседі.
-
Образовательная программа 6B10103 Мейіргер ісі
-
Несиелер 4
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 4