Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Кариесология және тістің қатты тіндерінің жегілік емес зақымдануы
-
Аннотация: Кариесология және тістің қатты тіндерінің тіс жегілік емес ақаулары –тістің қатты тіндерінің тіс жегілік емес ақауларының және тіс жегінің этиологиясын, патогенезін, емдеу мен диагностикалық принциптерін және тістің қатты тіндерінің аурулары бар науқастарды тексеру ерекшеліктерін оқытатын пән. Кариесология мен тістің тіс жегілік емес ақауы пәні «Стоматология» мамандығында оқып жүрген студенттерді ары қарай клиникалық кафедраларда оқуын жалғастырып жалпы дағдыдағы дәрігер стоматологтың біліктілігін игеруге және дәрігерлік ойлау қабілеті мен мінез-құлығын қалыптастырады. Пәннің мақсаты: Тісжегі мен тіс жегілік емес ақауы бар науқастардың тістерін емдеу мен диагностика қағидаларын,тексеруді жүргізуі мен білімін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - тісжегісінің этиологиясын, патогенезін, диагностикалық және емдеу принциптері туралы түсінік беру; - тістің қатты тіндерінің тіс жегілік емес ақауларының этиологиясын, патогенезін, диагностикалық және емдеу принциптері туралы түсінік беру; - тісжегісі бар науқастарды тексеру мен емдеудің негізгі кәсіби дағдыларына үйрету (фантомда); - тістің қатты тіндерінің тіс жегілік емес ақаулары бар науқастарды тексеру мен емдеудің негізгі кәсіби дағдыларына үйрету (фантомда).
-
Образовательная программа 6B10105 Стоматология
-
Несиелер 6
-
Оқу жылы 4
-
Семестр 7