Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Эндодонтия
-
Эндодонтия пәні - тіс қуысының құрылысы мен топографиясы, қазіргі заманғы эндодонтиялық құрал-жабдықтары, пломбылық материалдардың құрамы, қасиеті, дайындау техологиясы және пломбылық материалдарды және түбір өзектерін обтурацияға арналған жүйелерін таңдау , және ұлпа мен периодонттың құрылысы мен топографиясы, пульпитпен периодонтиттің этиологиясы, патогенезі, жіктелісі, патологиялық анатомиясы, клиникасы, нақтамасы, ажырату нақтамасы қазіргі заманғы эндодонтиялық емдеу сатылары, пломбылық материалдардың түрлері сұрақтарын оқытатын пән. «Стоматология» мамандығында оқып жүрген студенттерді ары қарай клиникалық кафедраларда оқуын жалғастырып жалпы дағдыдағы дәрігер стоматологтың біліктілігін игеруге және дәрігерлік ойлау қабілеті мен мінез-құлығын қалыптастырады Пәннің мақсаты: Эндодонтия - тіс қуысының құрылысы мен топографиясы, қазіргі заманғы эндодонтиялық құрал-жабдықтары, пульпит пен периодонтиттің эндодонтиялық емдеудің кезеңдері, пломбылық материалдардың құрамы, қасиеті, дайындау техологиясы және пломбылық материалдарды және түбір өзектерін обтурацияға арналған жүйелерін таңдау, ұлпа мен периодонттың құрылысы мен топографиясы, пульпитпен периодонтиттің этиологиясы, патогенезі, жіктелісі, патологиялық анатомиясы, клиникасы, нақтамасы, ажырату нақтамасы қазіргі заманғы эндодонтиялық емдеу сатылары, пломбылық материалдардың түрлері сұрақтары бойынша студенттердің білімін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - эндодонтияға арналған құрал-жабдықтар, эндодонтиялық ем кезінде қауіпсіздік техникасы туралы білім қалыптастыру; - тіс қуысын жалпы құрылысын және әртүрлі тістердің анатомиялық ерекшеліктері жайлы ұғыну; - эндодонтиялық емнің принциптері, кезеңдері және техникасы жайлы ұғыну; - түбір өзектерін уақытша және тұрақты обтурацияға арналған материалдардың түрлерін, құрамын және қасиеттерін қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді және пломбылау әдістерін үйрену: - пульпиттің этиологиясын, патогенезін, диагностикалық және емдеу принциптері туралы түсінік беру; - периодонтиттің этиологиясын, патогенезін, диагностикалық және емдеу принциптері туралы түсінік беру; - пульпиті бар науқастарды тексеру мен емдеудің негізгі кәсіби дағдыларына үйрету (фантомда); - периодонтиті бар науқастарды тексеру мен емдеудің негізгі кәсіби дағдыларына үйрету (фантомда). Аралық бақылаулар саны:-3
-
Образовательная программа 6B10105 Стоматология
-
Несиелер 6
-
Оқу жылы 4
-
Семестр 7