Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Гистология
-
Пәннің мақсаты: клиникалық кафедраларда оқуын әрі қарай жалғастыруда және дәрігер стоматологтардың кәсіби дағдыларын игеруді қамтамасыз ететін, адам ағзасы және оның құрамдас жүйелерінің морфо-функционалдық ерешеліктері жайлы жүйелік білімді қалыптастыру. Пәннің міндеттері: 1. Гистологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдістерін оқу. 2. Дамудың негізгі биологиялық заңдылықтарын, адам организмінің тіндері мен мүшелерінің анатенатальды және постнатальды даму ерекшеліктерін түсіну. 3. Адам организмі тіндері мен мүшелерінің, сонымен қатар ауыз қуысы, жақ – бет аймағы мүшелерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысын, қызметтік ерекшеліктерін, регенерациялық қабілетін оқу. 4. Микроскопиялау техникасын меңгеру. 5. Студенттерге жарық микроскопымен клетка және клетка емес құрылымдарды, тіндер мен мүшелерді ажырата білу дағдысын үйрету. 6. Мүшелермен құрылымдық элементтердің жасқа байланысты, қызметтік және адаптациялық өзгерістерін оқыту. 7. Студенттерге ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру және өзінің кәсіби қызметінде оны қолдана білуге үйрету.
-
Образовательная программа 6B10105 Стоматология
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1