Еңбекті қорғау

  • Мазмұны Еңбекті қорғау пәнінің медициналық жоғары оқу орнында оқытудың негізгі мақсаты студенттерде әртүрлі өндіріс саласында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен қолайлы жағдай жасауда гигиеналық көзқарас қалыптастыру болып табылады. Еңбекті қорғау – бұл жұмыс барысында жұмысшының өміріне қауіпсіздігін және денсаулығын қамтамасыз ететін жүйе. Еңбекті қорғау жүйесі құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – техникалық, санитарлы – гигиеналық, емдік – профилактикалық, реабилитациялық және басқа да іс шаралардың қосындысы. Пәннің мақсаты: Өндіріс қарқындылығы жағдайында еңбек жағдайының қауіпсіздігін жеңілдету және оның зиянсыздығының теориялық және практикалық негіздерін білетін жас мамандар дайындау. Оқыту міндеттері: -студенттерді жұмыс орнында техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарымен таныстыру; -өндірістің қауіпті және зиянды көздеріне сипаттама беру; -студенттерді еңбек жағдайының қауіпсіздігін ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға үйрету; -студенттерге қауіпті және зиянды өндіріс факторларынан қорғану жолдарын үйрету; -өндірісте жарақат алу және оның себептері мен патологиялық жағдайлардың пайда болу механизмін түсіну, өндірісте бақытсыз жағдайлар мен кәсіби ауруларды тексеруді өткізуде болған технологиялық бұзылыстарды жою; -улану және жарақаттану, сонымен қатар тұрғындар арасындағы жұмыскерлердің кәсіптік аурушаңдығының алдын-алу, жалпы аурушаңдығын төмендетуге мүмкіндік ететін, факторларының қауіптерін анықтау мақсатында жүргізілетін мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық шаралары туралы білім беру; -бақылау объектілерінде алдын-алу шараларының жүйесін өңдеу мақсатында еңбек процессінің факторларын және өндірістік ортаның жағдайын талдауға және бағалауға үйрету; -кәсіби жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтының негіздерін және принциптерін насихаттау; -өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті бағалауды үйрету.
  • Образовательная программа 6B10105 Стоматология
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top