Киімнің шығу тарихы

  • Киім– адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын таныт��ды. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты
  • Образовательная программа 6B01403 Кәсіптік оқыту
  • Несиелер 10
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top