Сұйық және қатты отындардың жануын компьютерлік модельдеу

  • Пәннің мақсаты: магистранттарды жылу энергетикалық процестерді, жылу электрлік станциялар және өнекәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары мен жүйелерін моделдеу және оңтайландыру әдісін қолдануды игере білу және оған дағдылану білімін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. Зерттеу жүргізу кезінде қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану; 2. Өнеркәсіпте жану процестерін тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін талдау және қолдану; 3. Техникалық мәселелерді шешу үшін кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру; 4. Энергия жүйелері мен жүйелерін оңтайландыру жолдарын әзірлеу және ұсыну; 5. Сұйық және қатты энергетикалық отындарды жану кезінде жылу және масса тасымалдау процестерін зерттеу үшін математикалық модельдеуді жүзеге асыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: аналогты, физикалық және математикалық моделдеудің әдістері және оны қабылдау. Жылу энергетикасының процестерін, аппараттарын және жүйелерін математикалық моделдеу, жылу энергетикасының қондырғылары мен жүйелерін оңтайландыру нұсқалары. Жылу технологиялық процестер, қондырғылар және жүйелер үшін математикалық моделдеудің әдістері мен жобалауды қабылдау. Жылу тасымалдағыштар, жылу және масса алмасу аппараттарының негізгі сипаттамаларын есептеудің сандық әдістері. Жылу технологиялық қондырғыларды оңтайландырудың әдістері мен тиімді жылу энергетикалық жүйелерді есептеудің әдістері. Жылу технологиялық жүйелер және олардың элементтерін зерттеу мен жобалауда моделдеудің әдістерін қолдану.
  • Образовательная программа 7M07110 Жылу энергетикасы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top