Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07110 Жылу энергетикасы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жылу энергетикасы мен жылутехнологиялар саласында ғылыми-практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер; жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге; технологиялық процестерді компьютерлік моделдеуді жүргізуге және оларды оңтайландыру үшін ұсыныстар ұсынуға қабілетті; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M098 Жылу энергетикасы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Жылуэнергетика және жылутехнологиядағы ақпараттық жүйелер
Энергетикалық отындардың жағу технологиялары
Ғылыми эксперименттің теориясы және техникасы
Сұйық және қатты отындардың жануын компьютерлік модельдеу
Ғылым тарихы мен философиясы
Жылуэнергетика саласындағы менеджмент және маркетинг
Шетел тілі (кәсіби)
Жоғары мектептің педагогикасы
Жылу энергетика мен жылутехнологияның ғылыми-техникалық мәселелері
Жылуэнергетикадағы ғылыми зерттеу әдістері
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметтің нәтижелерін жүйелеу, есеп беру құжаттары мен әдістемелік ұсынымдарды қалыптастыру, оларды талқылауға қатысу.
- Энергетикалық жүйелердің физика-математикалық модельдерін жасау және олардың негізінде жұмыстың оңтайлы режимдерін анықтау және қол жеткізу үшін кешенді зерттеу жүргізу.
- Инновациялық және зерттеу жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу және қолданыстағы этикалық нормаларға сәйкес ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу.
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби-практикалық іскерліктер мен дағдыларды қолдану, оның ішінде зерттеу әдістерін таңдау және тақырыпты негіздеу, зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізу.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр және жылумен жабдықтау сұлбаларының жұмыс және апаттан кейінгі режимдерін есептеуді орындау және энергиямен жабдықтауды ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдері мен құралдарын сыни бағалау.
- Дәстүрлі және баламалы жылу энергетикасы саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты және теория мен практиканың жаңа жетістіктерін талдау, жылу энергетикасы саласындағы кәсіпорындарда отандық және шетелдік тәжірибені біріктіру.
- Өзіндік білім беру және кәсіби дайындық деңгейін бағалау және одан әрі кәсіби оқытудың жеке траекториясын өз бетінше құру.
- Жылуэнергетика саласындағы кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер мен компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану.
- Психология-педагогикалық білімді, маркетинг және менеджмент негіздерін қолдана отырып, жылу энергетикасы саласы кәсіпорындарының ресурстары мен қызметкерлерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру.
- Кәсіпорынның энергия тиімділігі көрсеткіштерін талдау, энергия және ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету бойынша әдістер мен шешімдерді ұсыну және әзірлеу, оның ішінде жылу энергетикалық саланың қайталама өнімдерін пайдалану.
- Энергетикалық жүйелер параметрлерінің есебін орындау және жылу техникалық қондырғылардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шешімдер ұсыну.
- Жылу энергетика саласының кәсіпорындарында пайда болатын энергия жүйелерімен проблемалардың себептері мен салдарын талдау және осы проблемаларды шешуге ұсыныстар беру.