Антология және гендерлік зерттеу методологиясы

  • Пәннің мақсаты – заманауи қоғамның гендерлік астарлары әдістемесі сараптамалық түсіндірме дағдыларын дамыту. Оқыту нәтижесінде магистрант қабілетті болады: 1. қазіргі заманғы гендерлік зерттеулердің мәдени-философиялық негіздерінің негізгі мазмұнын сипаттуға; 2. заманауи гендерлік теорияның негізгі түсініктері, ыңғайлары мен бағыттарының ерекшелігін түсіндіруге; 3. гендерлік зерттеулерді ғылыми және философиялық таным әдістерін жіктеуге; 4. мәдениеттанулық зерттеу жүргізуде гендерлік теориялар мен әдістеменің қолданысындағы түйінді дүниетанымдық түсініктердің рөлі мен мағынасын негіздеуге; 5. кәсіби салада туындаған мәселелелердің әдістемелік негіздерін айқындау үшін өзекті болып табылатын зерттеу жүргізуге. Пәннің бағытталуы. «Гендерлік зерттеулердің антологиясы мен әдістемесі» пәні мәдениеттанулық зерттеу жүргізуде қолданылатын, заманауи қоғамның гендерлік астарларын талдауда теориялық-әдістемелік ыңғайлардың ерекшеліктері туралы біліммен қамтамасыз етеді. Пәнді оқыту барысында келесі астарлары қарастырылады: Гендерлік мәселелерді далалық этнографиялық зерттеу дағдыларын қалыптастыру; Гендер әлеуметтік стратификацияның іргелі факторы ретінде; Гендерлік зерттеулердің теориялық негіздері; Гендерлік зерттеулердің әдістемелік постулаттары; Гендерлік зерттеулердегі әдістер туралы пікірталас: сандық және сапалық әдістер; Сапалық зерттеулердегі түсіндірмелік әдістер: биографиялық зерттеу, дискурсты талдау, мазмұндық сараптама, визуалды мәліметтерді талдау мен түсіндіру.
  • Образовательная программа 7M03104 Мәдениеттану
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top