Топырақты бонитеттеу

  • Курстың мақсаты – топырақтың сапасын бағалау, бонитет балдары негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін есептеу және оны арттыру бойынша ұсыныстар беру қабілетін қалыптастыру. Курс топырақты диагностикалау, сапалы бағалау, жіктеу және агроөндірістік топтастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Курс аумақты аймақтарға бөлу, тиімді пайдалануды жоспарлау, саралау, ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін негізді қалыптастырады. Студент келесі құзыреттерді меңгереді: топырақ бонитировкасында дақылдардың көпжылдық орташа өнімділігімен коррелятивтік байланыстағы қасиеттрін бағалау принциптері мен әдістерін игеру; топырақ зоналары мен зонашаларында жетекші дақылдардың орташа көпжылдық өнімділігі және топырақ қасиеттері мен режимдерінің мәліметтері бойынша бонитировкалық зерттеулер материалдарына статистикалық өңдеуді жүзеге асыру; топырақтың құнарлығын бағалау үшін дақылдар өнімділігі мен коррелятивтік байланыстағы оның физикалық, су-физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері мен режимдерін далалық, аспаптық және зертханалық зерттеулермен орындау.
  • Образовательная программа 6B05201 Геоэкология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top