Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Агрохимия
-
Курстың мақсаты – жоғары өнімді алу үшін топырақтың құнарлылығын және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын жақсарту қабілетін қалыптастыру. Пән ауылшаруашылыұ дақылдарды өсіру, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану кезінде өсімдік, топырақ, тыңайтқыш арасындағы өзара байланыстытүсіну үшін негіз қалыптастырады. Пән заттар айналымы және егін шаруашылығында өсімдік, топырақ, тыңайтқыш арасындағы өзара байланысты және оларға химиялық препараттардың әсерін зерттейді. Студент келесі құзыреттерді меңгереді: маңызды ауылшаруашылық дақылдарының химиялық құрамының ерекшеліктерін және оның өнім сапасына ықпалын игеру; топырақтың агрохимиялық қасиеттерін және құнарлығың жоғарлату тәсілдерін анықтау. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды ұтымды қолдануда олардың құрамын, қасиеттерін, топырақпен әрекеттесу ерекшіліктерін бағалау; өсімдік, топырақ және тыңайтқыштар дың агрохимиялық сараптамаларын арындау, топырақтың агрохимиялық және радиологиялық тексерулер материалдарын тәжірибе қызметінде дұрыс пайдалану.
-
Образовательная программа 6B05201 Геоэкология
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 3
-
Семестр 5