Педагогикалық/Өндірістік практика

  • Оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыруда педагогикалық (құрастырушылық, ұйымдастырушылық) білімдерін жүзеге асыруға үйретеді. Оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды. Оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын кешенді жүргізуде, оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлігін іске асыруға машықтандырады. Теориялық білімдер нәтижесін педагогикалық практикада нақтылайды. Педагогикалық міндеттерді құрастыруға, білім беру мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, құрылымын, оқушының жеке ерекшеліктерін анықтауға бағытталады. Сынып жетекшiсiнiң қойылатын талаптарды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ескерiлетiн заңдыл��қтарды, мұғалiмнiң профессиограммасы мен сынып жетекшiсiнiң қызметiн анықтайды. Тәрбие жұмысы жоспарын жасауға, оқушылар ұжымын зерттеудiң әдiс-тәсiлдерiн дұрыс таңдай бiлуге, ата-аналармен жүргiзетiн жұмыс түрлерiн бiлуге үйретеді.
  • Образовательная программа 6B01504 География
  • Несиелер 2
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top