Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01504 География в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты География білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарына сай сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашыл және функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді игерген, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабы бойынша білікті маман дайындау және практикалық-бағдарламалық оқуда баклаврлардың құзыреттілігін дамыту. Заманауи кәсіби стандарттар талаптарына сәйкес, география ғылымында іргелі негізгі білімі бар бакалаврларды дайындау, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру болып табылады. Осы айтылған мәселелерді негізгі ала отырып, студенттердің жеке тұлғалық сапасын дамытуды, сондай-ақ, мамандық бағыты бойынша ҚР ЖББС сәйкес жалпы мәдени әмбебап және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды және сапасын жақсартуды мақсат етеді.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық процестерге қатысты құбылыстарға географиялық сараптама жүргізе алады. Атмосферадағы негізгі қасиеттерді, процестерді, климаттың қалыптасу және жіктелу факторларын біледі.
  • Тарихи мәселелерді талдай алады, себеп-салдарлық байланыстарды орнатады. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихында орын алған негізгі фактілерді және оқиғаларды біледі. Қазіргі заманның философиялық мәселелері бойынша білімін жоғары деңгейде көрсетеді.
  • Педагогикалық менеджмент саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін терең меңгереді. Денсаулықты диагностикалау кезінде физиологиялық әдістерді қолдану дағдыларын дамытады. Психологиялық мәселелерді диагностикалауға және шешу жолдарын анықтауға дағдыланады.
  • Жер құрылымын, планетаның геологиялық даму тарихын жақсы біледі. Кең таралған тау-кен минералдары мен тау-кен жыныстарының пайда болуын анықтайды және түсіндіре алады. Физикалық және геологиялық карталарды оқу және құру дағдыларын меңгерген.
  • Материалды жақсы түсінеді және оқытудың тиімді әдістерін таңдайды. География сабақтарында оқу үрдісін ұйымдастырудың және жобалаудың технологиясын жете меңгерген. Педагогикалық мәселелерді шешу үшін түрлі пәндік салалардан білімді жинақтайды.
  • Туризм дамуының қазіргі жағдайына баға бере алады. Арнайы карталар жасайды, туристік жорықтарды ұйымдастырады. Статистикалық материалды, графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды талдайды және олардың негізінде қарапайым экономикалық-географиялық қорытындыларын жасайды.
  • Конфессиялық және ұлттық мәдениет ерекшеліктерін, қасиеттері мен айырмашылықтарын ескеруге қабілетті. Экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласында қажетті білімді игерген, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылары бар.
  • Қазақ, орыс, шет тілдерінде кәсіби қарым-қатынас жасауға грамматикалық ережелерді жеткілікті деңгейде меңгерген және жеткілікті сөздік қоры бар. Берілген тақырып бойынша рефератты, баяндаманы қазақ, орыс, шет тілдерінде жазады.
  • Әлемнің табиғи-ғылыми көрінісін кеңейту мақсатында физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық білімдерін өндірісте, өмірде пайдаланады. Елдің қазіргі әлемдік экономикада алып отырған орнын анықтайды. Географиялық объектілердің тарихи атауларын жете біліп, толық меңгерген.
  • Гидрологиялық сипаттамаларына сүйене отырып су объектілерінің түрілерінің біріне мәліметтер береді. Ақпаратты жинау дағдыларын жете меңгереді. Топонимика мәселелері бойыншаәдебиетті талдайды. Топографиялық сызбалардың көмегімен қажетті мәліметтерді нақты көрсетеді.
  • Әңгіме барысында өз ойын қазақ, орыс, шет тілдерінде еркін жеткізе біледі және кәсіптік тілдесу барысында сұхбат жүргізуге қабілеті бар. Оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін қолдана біледі. Тәлім-тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемесін жете меңгереді.
  • Әртүрлі аумақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипаттамаларына картографиялық тілімен толық түсіндіріп бере алады. Физикалық географияның, ландшафттанудың, биогеографияның, геоморфологияның терминдері мен ұғымдарын біледі.

Ұқсас БББ

Top