Қазақстанның қола ғасыры ескерткіштерін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелері

  • Пәннің мақсаты археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі қола дәуірінің хронологиясын анықтайтын негізгі пәнаралық құралдарды қолдану қабілетін қалыптастыру. Нәтижеде докторант міндетті: - Археологиялық ескерткіштерді зерттеуде қола ғасырының мерзімін анықтайтын пәнаралық құралдарды қолдана білу; - қазіргі археологиядағы қола ғасырын кезеңдеу мен мерзімдеуге қатысты түйінді дискуссиялық мәселелерді талдауға қабілетті болу; - қола ғасырын кезеңдеу жөніндегі білімін біріктіру және ғылыми ақпараттар бойынша қорытынды жасауға қабілетті болу; - аталған кезең бойынша археологиялық деректердің типологиясын, классификациясын жасау; - Қазақстанның қола ғасыры ескерткіштерін анықтау үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті болу. Пәннің мәні. Курста докторант қола ғасыры ескерткіштерін кезеңдеу және мерзімдеудің теориялық және методологиялық мәселелерімен таныс болады. Сондай ақ, қола ғасыр ескерткіштерінің классификациясы мен типологиясын, олардың Қазақстан аймағындағы ерекшелігін; қола ғасырындағы Қазақстан территориясындағы тұрғындардың шаруашылық, материалдық және рухани мәдениет типтерін, олардың ерекшелігін; андроновтық жерлеу ғұрыптары және кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері; алакөл және феодоров кешендерінің (Балықты қорымының материалы бойынша) арақатынасы; андронов мәдени қоғамының қалыптасуы мен кезеңделуі; қола ғасыры ескерткіштерінің стратификациясы, темір дәуіріндегі Оңтүстік –Батыс- Батыс Сібірдегі мәдени байланыстар қарастырылады..
  • Образовательная программа 8D02205 Археология және этнология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top