Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02205 Археология және этнология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Археология және этнология» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасының мақсаты – археология және этнология бағытындағы оқып және талдаудан өтіп жатқан жаңа және күрделі идеяларды сыни талдауға, бағалау мен синтездеуге айқын қабілетті жоғары деңгейдегі кәсіби құзыретті жоғарғы сыныптамалы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды; археология және этнология ғылымдарында, білім беру ісінде, мәдениетте тарихи ғылымның теориялық және әдіснамалық аспектілерін тереңдете білу негізінде, сонымен қатар жүйелі білім мен аралас ғылым салаларын, сандық технологияларды пайдаланатын инновациялық қызметке қабілеттілерді; ғылымды дамытатын зерттеу нысандары бойынша жаңа концептуалды білімді қалыптастыратын; археология мен этнология ғылыми-педагогикалық салаларында дербес ғылыми-зерттеу қорытындыларын жасай алатын және де оны ғылыми пікірсайыстар жағдайында дәлелді түрде жеткізе алатын мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D053 Тарих
  • Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ON11 ақпараттық-талдау орталықтарының, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, тарихи-мәдени туризм мекемелерінің қызметіндегі тарихи және қоғамдық-саяси аспектілерді дамыту
  • ON5 этнологиялық бағыттағығы курста этногенез және этногенетикалық үдерістерді зерттеуді; сондай ақ, қазіргі ғылыми парадигмалар шеңберінде этносаралық байланыстар мен қатынастарды зерттеудегі заманауи тәсілдер, тенденциялар мен тетіктерді білу; тарих, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен археологиялық материалдар мәселелері бойынша ғылыми болжамдар жасау және сараптама жүргізу;
  • ON9 зерттеу тақырыптарымен зерттеу жұмыстарын жоспарлау; археологиялық ашылулар мен әлем халықтарының мәдениеттерінің этнографиялық ерекшеліктерінің тұжырымдамаларды негіздеу; археологиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құру, Интернетте орналастыру үшін цифрландыру; далалық жұмыстардың нәтижелері мен Қазақстан Республикасы аумағындағы ең маңызды ежелгі және ортағасырлық мәдениеттер туралы мәліметтерді біріктіретін ақпараттық жүйелерді әзірлеу археологиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құрастыру
  • ON8 Негізгі қағидалармен проблемалар арасындағы байланысты орнату және зерттеудің әр түрлі бағыттарындағы әзірленбеген және шешілмеген мәселелерді қолға алу; жаңа әдіснамалық парадигмалардың негізгі қағидаларын түсіндіру және оларды археологиялық артефактілер мен заманауи тұжырымдамаларды талдауда қолдану; археологиялық ескерткіштерді анықтау мен зерттеудің заманауи технологияларын енгізу, археологиядағы соңғы жаңалықтар аясында бұрын зерттелген ескерткіштерді қайта қарау қажеттілігін түсіну; ГАЖ зерттеу әдістерін қолдана отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • ON12 ғылыми қауымдастықтарда өзара қатынас нормаларын, ғалым-зерттеуші ғылыми этикасын сақтау, ұжымда көшбасшы болу, бастама көтере білу, өзінің кәсіби құзыреттелігі аясында өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнына алу, кәсіби қызметінде пайда болған түйінді жағдайларды шеше білу.
  • ON3 Диссертация тақырыбы бойынша зерттеу үдерісін құру; рейтингтік журналдарда, сондай ақ ұлттық және халықаралық рецензияланған басылымдардағы пікірталастар мен жарияланымдарда ғылыми талқылау үшін ғылыми нәтижелерді негізделген және дәйектермен ұсына білу; археологиялық нысандарға сараптама жүргізу, ғылыми іс-шараларда, іргелі отандық және халықаралық жобаларда археология бойынша білім кешенін ұсыну; археологиялық және этнографиялық зерттеулер бойынша ғылыми жобалар мен ғылыми есептерге сараптамалық қорытындылар жасау
  • ON1 Археология және этнология саласында іргелі теориялық және жүйелі білімді көрсете білу; археологиялық ескерткіштерді мерзімдеу кезеңдеулің негізгі концепцияларын, сондай ақ еңбек құралдарының, қорғандар мен жерлеудің датировкасын, білу; этнологияның қазіргі жетістіктерін салыстырмалы талдау негізінде әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістермен байланысты әлем халықтарының этноәлеуметтік және этномәдени дамуын білу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу
  • ON6 Біртұтас жүйелік ғылыми дүниетанымға негізделген кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру; ғылыми-зерттеу және аналитикалық жобалық қызметті жүзеге асыру үшін әдістемелік құралдарды, нормативтік құжаттарды, ақпараттық материалдарды әзірлеу; заманауи зерттеу тәсілдерін сипаттау және талдау мақсатында археология және этнология проблемалары бойынша пәнаралық білімді зерттеу үдерісіне қосу
  • ON2 Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихи-мәдени, әлеуметтік –мәдени және этномәдени үдерістер жөніндені ғылыми концепцияларды дәйектей білу; әлемдік археология және этнологиядағы көкейкесті пікірталас мәселелерді; этногенез, мәденигенез және олардың кейінгі дәуірлердегі тайпалар мәдениетімен сабақтастығын; археология мен этнология мәселелері бойынша заманауи зерттеу ұстанымдарын сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық ілімді зерттеу үдерістеріне кіріктіру
  • ON7 мемлекеттік және шетел тілдерінде заманауи әдістер мен ғылыми қатынастар технологиясын қолдану, ұжымды басқарған кезде ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру, команданың мақсаттарына ықпал ету, керекті мақсаттардың бағыттарына қарай оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижелерінің сапасын бағамдау
  • ON4 Өзіндік ғылыми қызығушылықтарын қоғамдық, этникалық құндылықтармен, өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, оқыту және ғылыми зерттеу қызметінің басымдықтарын саралау; оның ғылым саласындағы инновациялық қызметке дайындығын ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы оңтайлы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру; жаңа білім беру технологиялары мен оқыту әдістерінде олардың сыни ұғымын ескеріп, оқыту-әдістемелік материалдарын әзірлеу;
  • ON10 пәнаралық зерттеулер жүргізу, археологиялық материалдарға жаратылыстану және техникалық бейіндегі ғылыми мамандармен бірлесе отырып кешенді зерттеу жүргізу; археологиялық объектілерді зерттеудің өзіндік әдістемесін әзірлеу және ғылыми зерттеулерге және ғылыми-зерттеу жобаларына ақпараттық қолдау көрсету;
Top