Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қазіргі этносаяси үдерістер
-
Курстың мақсаты – қазіргі әлемдік кеңістік түйісінде этносаяси ахуал мен аймақтық ерекшеліктерді зерттеу негізінде қазіргі әлемдегі этносаяси ахуалдардың ортақтығы мен ерекшелігін айқындай білу қабілеттілігін қалыптастыру. Докторант міндетті: - қазіргі әлемдегі этносаяси ахуалдың жалпылығы мен ерекшелігін айқындай білу, - - әлемдік кеңістік түйісіндегі этносаяси ахуалды, аймақтық ерекшеліктерді талдай білу; - этносаяси зерттеулер саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, баға беру салыстыра білуге қабілетті болу; - - осы саладағы даулы не шешілмеген мәселелерге баға беру және шешу жолдарының механизмін көрсету үшін этносаяси үдерістер мәселелері мен іргелі қағидалар арасындағы қатынастардың өзара байланыстылығын құра білу; - - әлемдегі этносаяси үдерістер жөнінде баға беру және қорытынды жасау. Пәннің мәні. Курста докторант қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістердің негізгі бағыттары мен тенденцияларымен таныс бола алады; этносаяси ахуалдардың типологиясымен, қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістерді саяси құқықтық жағынан реттеуді, оны теориялық-методологиялық талдау, Этникалық жанжалдардың типологиясы және оны шешу мен реттеудің жолдарын білу. Әлемдік қауымдастықтағы этносаяси үдерістердің жалпылығы мен ерекшелігін білу; этносаяси үдерістер аймақтар бойынша қарастырылады, мәселен, Ресейдегі, Орталық Азиядағы, Европа және т.б. елдердегі этносаяси үдерістер; жаһанданудың этносаяси үдерістерге тигізетін ықпалы оқытылады; Орталық Азия этносаяси жүйесіндегі Қазақстанның ролі қарастырылады.
-
Образовательная программа 8D02205 Археология және этнология
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1