Қазақстан далалық Евразияның ерте темір дәуірі мәдениеті жүйесінде

  • Пәннің мақсаты темір алу тәсілі мен еңбек құралдары негізінде далалық Евразияның сақ-скиф мәдениеті жүйесіндегі Қазақстанның ерте темір дәуір мәдениетін талдау қабілеттілігін қалыптастыру. Докторанттар міндетті. - сақ-скиф тайпалары мәдениетінің бірлігі мен аймақтық ерекшелігі жөніндегі концепцияларды зерттеулерде қолдана білуді; - этногенезі және мәденигенезі мен мәдениеттерінің келесі дәуір тайпалары мәдениетімен сабақтастығы жөніндегі жаңа концепциялар жасай білу, - далалық Евразияның ерте темір дәуірі мәдениеті жөніндегі әртүрлі концепцияларды талдауға қабілетті болу, - темір өндіруді игерудің әртүрлі тәсілдерін, темір құралдар жасаудың ерекшелігін айқындауға қабілетті болу; - Евразияның далалы және таулы жазығындағы тарихи мәдени бірлестік пен ерекшелігін негіздеу. Пәннің мәні. Курста далалық Евразияның сақ скиф тайпаларының мәдениеттер жүйесі қарастырылады. Евразияның сақ-скиф тайпаларын оқу негізінен археологиялық материалдар мен жазба деректер мәліметтері негізінде жүзеге асады. Европа территориясында оның ішінде Поволжья, Приуралья, сондай ақ Қазақстан және Оңтүстік Сібірде сақ-скиф мәдениетінің қалыптасуы қарастырылады. Евразия даласындағы тарихи мәдени бірлікке ерекше назар аударылады. Қазақстанның ерте көшпенділер өркениеттері: сақ мәдениеттері – Есік, Шілікті, Берель, Бесшатыр, Тасмола, Уйгарак, т.б. мәдени феномені; Қазақстанның ерте көшпенділер өркениеті Орта Азия, Алдыңғы Азия, Таяу Шығыс, Европа және Қытайдың отырықшы-егіншілер мен қала өркениетімен тығыз байланыста болған Евразияның далалық өркениетінің бір буыны екендігі қарастырылады..
  • Образовательная программа 8D02205 Археология және этнология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top