Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы урбанизациясы
-
Пәннің мақсаты Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық қалаларының урбанизация үдерістері мен дала қаласының феноменін ашу қабілетін қалыптастыру, урбанизация кезеңдерін және олардың Қазақстан аймақтары бойынша ерекшеліктерін анықтау және жіктеу. Докторант міндетті: - урбанизм кезеңдерін және Қазақстан аумақтары бойынша олардың ерекшелігін айқындау және классификациялау; - қала қоныстарының ішкі құрылымы, олардың типі және құрылысы жөнінде карта мен сызба жасай білу; - ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың этникалық құрамымен орналасуын анықтау; - урбанизациялық үдерістердің қала дамуына ықпалы жөнінде қорытынды жасай білу; - әртүрлі мемлекеттіліктің басқаруы кезіндегі қалалардың пайда болуы мен урбанизациялық үдерістерді, сондай ақ Қазақстандағы урбанизациялық үдерістердің аймақтық ерекшелігі жөніндегі ғылыми ақпараттарды синтездеуге қабілетті болу. Пәннің мәні. Курста Қазақстандағы қалалар және олардың пайда болу алғышарттары, табиғи факторлар, қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы қалаларынаың қалыптасуына ландшафттардың ықпалы, қала қоныстарының сыртқы және ішкі құрылымына табиғаттың ықпалы қарастырылады. Сондай ақ, курста ерте (VI - IX ғғ.) және орта (IX - XIII ғғ.) ортағасырлық урбанизмнің Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы, батыс түрік қағанаты кезеңіндегі урбанизмнің ерте кезеңіне, Жібек жолы дамуындағы екі негізгі бағыт: сырдариялық және тяньшандыққа, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының ерте урбанизациялану үдерісіне, қаланың гүлденуіндегі урбанизацияның ролі мен орнына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар түрік, түргеш, қараханид, т.б. мемлекеттілік тұсындағы урбанизация мәселелері, Қазақстанның ерте және ортағасырлар кезеңіндегі этникалық құрам мен орналасуы қарастырылады.
-
Образовательная программа 8D02205 Археология және этнология
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1