Молекулалық физика

  • Пәннің мақсаты: бақылау, эксперимент және практикалық тәжірибені жалпылауға негізделген физикалық теория туралы білімдерді қалыптастыру, молекулалық физика заңдарының статистикалық сипатын түсіндіру; экологияда молекулалық қозғалыс түрін қолдану және экожүйелерді зерттеуде молекулалық физика әдістерін пайдалану. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шешуге; 2. сапалық есептерді сандық тұрғыдан шешу үшін молекулалық физика заңдарын пайдалануға; 3. кәсіби қызмет саласында, атап айтқанда, экологияда көп бөлшектерден тұратын жүйелер қозғалысының статистикалық сипатын қолдануға; 4. табиғат объектілерінің ұйымдастырылуының әр түрлі деңгейінде олардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуде молекулалық физика заңдарын қолдануға; 5. эксперименттік немесе теориялық әдістер арқылы алынған нәтижелердің сенімділігі дәрежесін бағалауға қабілетті болады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Молекулалық физика және термодинамика. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері. Температураның молекулалы-кинетикалық мәні. Идеал газд молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Идеал газдың күй теңдеуі. Статистикалық үлестірулер. Сұйық пен газдағы қысым. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Бернулли теңдеуінің кейбір қолданылулары. Сұйықтық ағысының шарттары. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изопроцестер. Карно циклі және оның ПӘК-і. Нақты газдар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі.
  • Образовательная программа 6B05309 Компьютерлік физика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top