Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08605 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, жобалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру, инженерлік-мелиоративтік және инженерлік-экологиялық жүйелерді жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану, жерді мелиорациялаудың, баптаудың және қорғаудың жаңа жолдарын негіздеу саласында дербес кәсіби жұмысқа қабілетті, жоғары білікті мамандарды жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының заманауи білім беру стандарттарына сәйкес даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M137 Су ресурстары және суды пайдалану

Пәндер

  • Менеджмент

    "Менеджмент" пәні басқару процесін зерттеудің ұйымдастырушылық элементтерінен, коммуникациядан және шешім қабылдаудан, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, команда жұмысы және көшбасшылық сияқты басқару функцияларынан, сондай-ақ өндіріс, маркетинг, қаржы, персоналды басқару сияқты ұйымда түрлі функционалдық бөлімдерді оқытудан тұрады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Аймақтың экологиялық орналасуы

    Табиғатты орналастыру принциптері; аумақтарды табиғатты қорғау жайластыру негіздері; экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары; экологиялық проблемаларды шешуге интеграцияланған жол; экологиялық проблемаларды шешу әдісі ретінде қазіргі заманғы аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар; қалдықтарды жою және кәдеге жарату проблемалары және оларды шешу жолдары; атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластанудан қорғау; биоресурстарды қорғау; тұтыну және өндіріс қалдықтарын қоймалау және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау; табиғи стихиядан қорғау; топырақты ластанудан қорғау; сарқынды суларды тазарту және сарқынды сулардың тұнбаларын кәдеге жарату; жыра-Арқалық жерлердің аумақтарын эрозияға қарсы қорғау; су объектілерін табиғи қалпына келтіру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сумен қамтамасыз ету және суды әкету

    Су өткізетін құрылымдар. Бөгет құрылысында бьефтерді түйістіру. Қысылған қимада тереңдікті анықтау. Каналдармен бьефтеді түйстіру. Су энергиясын бәсеңдету. Суұрма құдықтар мен суұрма қабырғалардың есебі.. Су өткізу бөгетінен кейін бьефтерді тұйістіру. Құлама есебі. Тезағар есебі. Қақпа стынан судың өту есебі.Ғылым және ғылыми зерттеулер. Ғылыми-техникалық ақпарат. Ғылыми тақырыпты құрастыру. Зерттеу мақсаты мен есептері. Теориялық зерттеу әдісте-месі. Эксперименттік зерттеулер әдістемесі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бизнес шешімдерін модельдеу

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады.Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Инженерлік-геодезиялық және геоинформациялық бағдармалар

    Аналитикалық және моделдеу операциялары. Нәтижелерді алу. Ауылшаруашылығында, су, орман шаруашылығында ГАЖ қолдану. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету. Мониторингті алыстан және спутник арқылы жүргізу әдістері. Заманауи ГАЖ . Су шаруашылығында ГАЖ қолдану және жерді дистанциялық зондтау. (СУБД) мәліметтер базасын басқару жүйесі. (GPS) глобалды позициялау жүйесі. Геоақпаратты сараптау әдісі және дешифрлау. Карталау жүйесі. Бейнені цифрлі өңдеу әдісі. Картографиялық графика. Заманауи ГАЖ мүмкіншілігі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Су ресурстарын бірігіп басқару

    СРББ қағидаттары. СРББ жоспарлау: СРББ ұлттық жоспары. Су ресурстарын басқару саласындағы су заңнамаларын жетілдіру және үйлестіру. СРББ экологиялық құрамдас бөлігін енгізу және су сапасын басқару. Ақпарат алмасу процестерін жетілдіру. Оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су ресурстарын басқару және моделдеу

    ҚР су заңнамасы. Су қатынастар нысандары. Су қоры, сумен қамтамасыз ету және су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық келісімдер. Негізгі халықаралық жаңа бағыттар. Халықаралық келісім принциптері. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық келісім механизмы. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы экономикалық негізі. Трансшекаралық өзендер сулары жөніндегі келіспеушілікті шешу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су және ауылшаруашылығы саласындағы жоспарлау

    Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды жоспарлау алдылық мәдделері. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемелекеттік жоспарлаудың міндеттері. Қазақстан Республикасы өңірлерінің өркендеуінің экожүйелік (алаптық) ұстанымдары. Су шаруашылық теңдестік. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау схемалары. Су шаруашылығының өркендеуінің жедел-қабыл және болашақтық жоспарлары. Су ресурстарын біріккен түрде басқару. Су саясатының басымдық бағыттары. Табиғи кешендерді қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- су шаруашылығын жоспарлау негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Су ресурстары және суды пайдаланудағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы

    Ғылым және ғылыми зерттеу. Ғылыми-техникалық ақпарат. Ғылыми зерттеудің тақырыбын анықтау. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерді анықтау. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Эксперименталдық зерттеулердің әдіснамасы. Теориялық-эксперименталдік зерттеулерін талдау және ұсыныстар мен қорытындарды тұжырымдау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым философиясы, Психология және педагогика мәселелерінде ой-өрісті көрсете білу, оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдалану
  • Интернационалдық ортада кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, кең ауқымды ғылы-ми-техникалық және педагогикалық мәселелер бойынша сұхбатты қолдана білу
  • Су ресурстарын басқарудың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз тәсілдерін таңдау қабілеті
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиет-терді көрсете білу, бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білу
  • Су ресурстары менеджментін жетілдіру бойынша ұзақ оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары
  • Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді сервистер
  • Бағдарламалау, математикалық модельдеу, талдау және синтез саласындағы ақпаратты түсіндіру, су ресурстарын пайдалану, қорғау және басқару саласындағы теориялық білім деңгейін ұдайы жетілдіруге ұмтылу
  • Бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, нәтижелерді талдау, су объектілерінің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар дайындау қабілеті
  • Геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау сапасының көрсеткіштерін талдау, себептер мен салдарлардың алдын алу және жою жөнінде шешімдер қабылдау қабілеті
  • Ғылыми кеңесшінің басшылығымен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің зертханалық және тәжірибелік сынақтарын жүргізу
  • Ғылыми экспериментті ұйымдастыру, алынған нәтижелерді модельдеу және талдау саласында өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану
Top