Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Популяцияның генетикасы
-
Пәннің мақсаты: студенттерге қарапайым эволюциялық факторлардың әсерінен популяциялардың тұқым қуалау және генотиптік құрамының өзгерістерінін заңдылықтарын талдау мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: 1 популяцияның негізгі қасиеттерін және генетикалық құрылымын талдауға; 2 панамиксиялық популяциялардағы тұқым қуалау заңдылықтарын анықтауға; 3 популяцияның генетикалық құрылымындағы өзгерістерін қамтамасыз ететін негізгі факторларды жүйелеуге; 4 гендер дрейфі, мутация, миграция және табиғи сұрыпталудың қысымы әсерінен популяциялардағы генетикалық өзгергіштіктің сандық бағалауын жүргізуге; 5 - популяцияларда аллельдер мен генотиптердің пайда болу. әннің міндеті. «Популяция генетикасы» пәні кеңістік және уақыт бойынша эволюциясының қарапайым факторларының әсерінен популяцияның генотиптік құрамының өзгеруін талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: популяцияның экологиялық және генетикалық сипаттамалары; популяцияның негізгі қасиеттері мен құрылымы; панмиксиялық популяциялардағы тұқым қуалаудың заңдылықтары; Харди-Вайнберг теңдеуі және оның салдарлары; популяцияның генетикалық құрылымында өзгерістер туғызатын эволюцияның негізгі факторлары; популяцияларда аллелдердің және генотиптердің жиілігін анықтау әдістері; селекция, медицина, экология және эволюцияның кейбір мәселелерін шешудегі популяциялық генетиканың маңызы.
-
Образовательная программа 7M05104 IT - Генетика
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1