Шетел тілі (кәсіби)

  • Пәннің мақсаты: Халықаралық стандарттарына сәйкес шетел тілініңдегі коммуникативтік құзыреттілікті арттыру және осы біліктілікті болашақ магистраннтың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде байланыс құралы ретінде пайдалануға үйрету. Пәндерді меңгеру нәтижесінде студенттер келесі құзыреттерге ие болуы керек: • жаңа іс-шараларға қатысу және жаңа ақпараттарды өз білім жүйесіне енгізе білу; •шетел тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құрамын және функционалдық жұмыс істеу принциптерін түсіне білу; • өз бетінше жаңа біліктері мен дағдыларды үйрену және өмірде қолдана білу. •кәсіби білімді алу барысында шетел тілін тиімді қолдана білу; • нақты функцияларды орындау үшін шетел тіліндегі ауызша және жазбаша біліктіліктерді қолдана білу; • пікірталаста өз ойларын жеткізе білу және өз көзқарасын шетел тілінде дәлелді түрде қорғай білу; • кәсіби және ғылыми мәселелер бойынша өз бетімен жұмыс істей алу; • ғылыми ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелеу; зерттеу мақсатын қойып, оған қол жеткізудің ең жақсы жолдары мен әдістерін таңдай білу; • күнделікті өмірде, кәсіби салада, қоғамда тиімді қарым-қатынас жасай алу; • кәсіптік және кәсіби емес тақырыптарды талқылау барысында өз көзқарасын дәлелді түрде қорғай алу. Шетел тілі (кәсіптік)» пәнінің оқу бағдарламасы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған. Болашақ магистр шетел тілі біліктілігін академиялық білімді, жаңа технологияларды және заманауи ақпаратты игеру жолында тиімді құралы ретінде қолдана алады және шетел тілі біліктілігі магистранттың мамандық және ғылыми қызметін табысты болуына үлес қосады.
  • Образовательная программа 7M05104 IT - Генетика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top