Эволюциялық биология

  • Пәннің мақсаты: эволюциялық биологияның жетістіктері мен қазіргі заманғы мәселелерді талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: 1 эволюциялық биология саласындағы жетістіктер мен мәселелерді талдауға; 2 эволюциялық биологияның теориялық негіздері туралы білімді жүйелендіруге; 3 палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелерін талдауға; 4 эволюцияның синтетездік теориясының өзекті мәселелерін ажырата білуге; 5 эволюциялық биологияның шешілмеген сауалдарының мәнін түсіндіруге. Пәннің міндеті. «Эволюциялық биология» пәні эволюциялық биология саласындағы қазіргі жетістіктер мен мәселелерді талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: эволюциялық биологияның әдістері: палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық, молекулалық-генетикалық; эволюциялық биологияның теориялық негіздері: молекулалық эволюцияның бейтарап теориясы, үздіксіз тепе-теңдік теориясы, эволюциялық эпигенетика теориясы, эволюциялық даму биологиясының принциптері; эволюцияның синтездік теориясының қазіргі мәселелері; тәжірибелік эволюциялық биологияның жетістіктері және эволюциялық биологияның шешілмеген сауалдары.
  • Образовательная программа 7M05104 IT - Генетика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top