Басқару психологиясы

  • Басқару психологиясы пәнінің мақсаты білім алушыларды шетелдік және еліміздегі басқару психологиясының даму, қалыптасу тарихымен, психологиялық ғылымдар жүйесіндегі орнымен таныстыру, ғылыми басқарудың қазіргі тенденциялары, жаңа ғылыми басқару парадигмасы жайлы түсініктерін қалыптастыру, ұйымдастырушылық мәселелердің өзара байланысын психологиялық талдау дағдыларын және басшының басқару қызметтерін іске асыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру арқылы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын, басқарушының жеке басқарушылық тұжырымдамаларын, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздерін, негізгі басқарушылық қызметті жүзеге асрудың психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс. Басқару психологиясының теориялық және практикалық салаларында ауызша және жазбаша өзіндік шешім шығара білуі, алған білімдерін кәсіби іс-әрекетте орындай білуге дағдыланады.
  • Образовательная программа 7M01101 Педагогика және психология
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top