Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M02319 Қазақ филологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Мақсаты: Әлеуметтану және гуманитарлық ғылым салаларындағы соңғы зерттеу әдістері мен әдістемелерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми тұжырымдар жасау үшін ғылыми зерттеулерде жаңа әдіс-тәсілдерді; көркем мәтінді талдаудың филологиялық әдістерін іргелі ғылыми зерттеулермен ұштастыруды; іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар дайындау және бағалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілі сөзсаптамының құрылымы мен прагматикасы

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ұлттық сөйлеу дәстүрі, қазақ сөзсаптамының өзіндік құрылымы мен прагматикасы туралы білім қалыптастыру, мәтінге лингвостилистикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Курста магистрант: -Қазақ тілінің дәстүрлі сөз саптамының құрылымы, жүйесі, нормасы және стилі туралы ертегі, аңыз, ең алғашқы публицистикалық мақалалар, 20-30-жылдардағы алғашқы әңгімелер, Абайдың қарасөздері, қазіргі ауызша шаршысөз үлгілері негізінде меңгереді; -грамматикалық, логикалық, стильдік, этикалық нормаға сай мәтіндерге лингвостилистикалық талдау жасау дағдысы қалыптасады; -қазақ шаршысөзін бағалау құзыреттігі қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық дискурс

    Пәннің негізгі мақсаты- Құрылымында дискурстық, тектік және түрлік институционалды ерекшеліктері бар академиялық дискурстың жүйелі сипатын түсіну және талдай алу қабілетін қалыптастыру. Пән дискурстың бір түрі ретіндегі академиялық дискурстың сөйлеу кезінде көрінетін жүйелі-құрылымдық ерекшеліктерін тануға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Бұл пән басқару мен көшбасшылықтың психологиялық теорияларын оқытып, сонымен қатар топтық даму және ұжымдық қалыптасу динамикасын көрсетіп, және көпшілік пен тобыр психологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың психологиялық теорияларын және басқарушылық қарым-қатынас шеңберінде өзінің кәсіби қызметі үшін қажетті жанжалды шешудің стратегияларын объективті бағалау бойынша әлеуметтік-психологиялық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ графемологиясының тарихы

    Мақсаты – қазақ тілінің тарихи графемологиясына қатысты жүйелі білім қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ жазуының фонетика-фонологиялық, графемологиялық тарихи негіздерін меңгеру, қазақ жазуының ғасырлар бойы қалыптасқан грамматологиялық құрылымын талдау; әліпби түріне байланысты графика-орфографиялық білімдер жүйесін, графика түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курс ғылым философиясы туралы түсініктерді, олардың рационалды-теориялық түсінудегі мәселелерін қамтитын ерекше типтегі білімдер жүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ғылымның идеялық негізі, пайда болуы, қалыптасуы мәселелері қарастырылады. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ауызша тіл лингвистикасы

    Пәннің мақсаты – қазақ ауызша тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикологиялық деңгейлерінің өзіндік ерекшеліктері, жазба тіл мен ауызша тілдің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру. Пән: болашақ тіл маманының коммуникативтік құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақ ауызша сөйлеуі мен жазба мәдениетінің этикалық, коммуникативтік, тілдік нормаларын меңгертуге, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 9
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курстың мақсаты – жоғары оқу орындарының дидактикасы, білім беру теориясы, педагогикалық іс-әрекетті талдау және өзін-өзі бағалау бойынша білімдер негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық құзыреттілік пен педагогикалық қызмет қабілетін қалыптастыру. Заманауи жоғары білімді дамытудағы мега-тренд, Болон процесі түрлі стратегиялар, оқыту әдістерін қолдана отырып, лекторлық және кураторлық шеберлікті меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Латынграфикалы қазақ жазуының әліпбиі мен емлесі

    Мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі мен емлеге қатысты жаңа нормаларды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: латынграфикалы қазақ жазуының фонетика-фонологиялық ерекшелігін, грамматологиялық принциптерін саралау; әліпбидегі әрбір әріптің мазмұны мен тұрпатын ажырату; қазақ тілінің жаңа орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын терең меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 9
  • Ұлттық паремиологиялық қор: генезис және прагматика

    Пәннің мақсаты фразеологияның тіл жүйесіндегі орнын анықтау; фразеологиялық бірліктердің (ФБ) өзге тілдік бірліктерден өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Пәннің міндеттері – ФБ-дің өзге деңгейлердің тілдік бірліктерімен (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ұқсас және айырым белгілерін анықтау; ғаламның тілдік бейнесінің фразеологиялық фрагментін сипаттау; ФБ-дің сөзжұмсамдағы қолданыстық ерекшеліктерін айқындау; магистранттардың лексика-фразеологиялық қорын байыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ лексикографиясының тарихы

    Пәннің мақсаты – қазақ лексикографиясының дамуы мен қалыптасуы туралы білім беру. Келесі мәселелер қарастыралады: қазақ лексикографиясының қалыптасуына негіз болған тарихи бағыттағы сөздіктердің жіктелуі мен зерттелуін; тарихи сөздік мақаласының құрылымын білу; көне, ескі, кірме сөздердің түсіндірмесін берудің семантикалық ұстанымдарын меңгеру; сөздік әзірлеудің әдістері мен принциптері негізінде қазіргі қазақ сөздіктерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Ахметтану және төте жазу

    Мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазуын» оқу және жазу дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: Ахмет Байтұрсынұлының жазу теориясы (даму, қалыптасу кезеңдері) туралы білімдерін қалыптастыру; «төте» жазуды академиялық деңгейде үйрету; дауысты және дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптердің қолданысының себептерін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Лингвостилистика және көркем мәтінге жаңаша талдау

    Пәннің мақсаты – лингвостилистиканың зерттелу жолдары мен әдістері туралы іргелі білім бере отырып, қазақ көркем мәтіндеріне жаңа үлгіде лингвостилистикалық талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Магистрант пәнді оқу барысында: -қазақ және әлемдік лингвостилистика саласының теориясы мен практикасы; -қазақ көркем мәтіндеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері; -көркем мәтінді талдаудың қазіргі үлгілері туралы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Ортағасыр жазба ескерткіштері: графикасы мен мәтінтану

    Мақсаты – ортағасыр жазба ескерткіштері түрлері мен графикасымен таныстыру, қолжазбаларға лингвотекстологиялық талдау жасауды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ортағасыр жазба ескерткіштер мәтіндеріндегі бірнеше көшірмені өзара салыстыру арқылы лингвотекстологиялық (графикалық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) талдаулар жүргізу; лингвистикалық ауытқулардың себептерін түсіндіру; көшірме нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы

    Мақсаты – кирил және латын графикасына негізделген түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы, емлесі туралы толық ғылыми теориялық түсінік беру. Келесі мәселелер қарастырылады: түркі тілдері әліпбилерінің құрамы мен әріп мазмұны, ондағы ерекшеліктерді меңгеру; фонема, графема, әріп қатынасын талдау; әліпби тарихы мен емлесіне қатысты зертеулер бойынша білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9

Оқыту нәтижелері

  • Лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты мен оның әдіснамасын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін құрастыру. Қазақ филологиясы саласының ғылыми мәселелерін зерттеудің өзекті мәселелерін бағалау.
  • Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы, генеологиялық, этимологиялық, типологиялық, модификациялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, лексикографиялық еңбектерді құрастыруға қатысу.
  • Топтастыру, типтеу, сандық-статистикалық, семантикалық, стилистикалық, модельдеу талдауларды пайдалана отырып, қазақ жазуын жетілдіру үшін грамматологиялық зерттеулер нәтижесінде ұсыныстар беру.
  • ҒЗЖ-ның шынайы және сенімді нәтижелеріне сүйене отырып, өз көзқарасын қорғап, қарсыласын сендіре білу, бастамашылық пен жеке жауапкершілікті талап ететін жеке қасиеттерді көрсету, командада жұмыс істеу.
  • Лингвистикалық әдістер мен принциптерге негізделген жобалық менеджментті қолдана отырып, ғылыми ұйымдарда зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
  • Қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру үшін фонетика, фонология, грамматология, қазақ тілі тарихы, лексикология, сөйлеу мәдениеті саласындағы дереккөздерге, тілдік материалдарға, лингвистикалық ілімдерге, әдістерге, әдістемелерге талдамалық зерттеулер жүргізу.
  • Ортағасырлық жазба мұралар графикасының түрлері және Ахмет Байтұрсынұлының жазуы негізінде қазақ тілінің қазіргі графикасына зерттеу жүргізу.
  • Орфография, пунктуация, стилистика негіздерін пайдалана отырып, ғылыми, техникалық, көркем, жарнамалық мәтіндерді түзету.
  • Ғылымның аралас, тарихи-функционалдық, салыстырмалы-салғастырмалы, интертекстуалды әдістерді қолдана отырып, қазақ тілінің құрылымдық лингвистикасының механизмдерін әзірлеу.
  • Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми нәтижелерімен таныстыру, қазақ филологиясы мәселелері бойынша пікіралысуға қатысу, дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.
  • Жанрлық принциптер, стилистикалық әдістер, тілдік стандарттар негізінде көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.
  • Әртүрлі педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, сабақ түрлерін әзірлеу, жоспарлау, ғылымның, білім мен инновацияның тығыз интеграция қағидаттары бойынша жаңа формацияның жоғары білікті оқытушы құрамын даярлаудың сапасын қалыптастыру және көрсету.
Top