Фармацевтикалық гигиена негіздері

  • «Дәрілік түрлер технологиясының негіздері» курсы фармация ғылымы мен тәжірибелерінің жетістіктерін ескеріп дәріхана жағдайында негізгі дәрілік түрлерді дайындаудың теориялық негіздерін және технологиясын оқытады, фармацевт мамандығын қалыптастыруда және түлектердің арнайы технологиялық дайындығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Бағдарлама құрамына дәрілік түрлер технологиясының теориялық негіздері, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды өндіруді регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулар және дәрілік түрлерді дайындаудың кәсіби дағдыларын үйрену мен машықтану кіреді. Фармацевтикалық гигиена негіздері құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар, соның ішінде жұмыс орнында қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудегі ғылыми жүйе болып табылады. Фармация, жалпы айтқанда адамзат қоғамының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына бағытталған өндіріспен байланысты. Фармацевтикалық өнеркәсіптің негізгі функциясы тұрғындар мен емдік-профилактикалық мекемелерді дәрі-дәрмектер, медициналық өнімдер, санитарлық және қатаң гигиеналық режимнің сүйемелдеуімен басқа да медициналық жабдықтармен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыда аталғандар, фармация факультетінде дәріханалар мен фармацевтикалық өндіріс орындарында ең негізгісі қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы еңбек гигиенасының негіздерін оқыту қажеттілігін анықтайды. Пәннің мақсаты: студенттерде фармацевтикалық өнеркәсіп қызметкерлері үшін салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін гигиеналық көзқарас дамыту. Пәннің міндеттері: - дәріханалық мекемелер мен фармацевтикалық кәсіпорындардың гигиенасы негіздерін меңгеру; -химиялық-фармацевтикалық кәсіпорындарда санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды бағалауды үйрету. - студенттерге өмірге қауіп төндіретін шұғыл жағдайларды диагностикалау қағидаттарына үйрету; - асептика және антисептика негіздерін үйрету.
  • Образовательная программа 6B10104 Фармация
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top