Фармакология

  • Өсімдік әлемінің дамуының биологиялық заңдылықтарын, өсімдік организмдерінің өміртіршілігінің негізгі үрдістерін қолдану, жасуша туралы ілімнің негізгі қағидаларын, өсімдік органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылымының алуан түрлілігін, өсімдіктердің негізгі систематикалық топтарын меңгеру, өсімдік топтарын, оның ішінде фармакогнозия пәнінде оқылатын дәрілік түрлерді білу, қорғауға жататын және `Қызыл кітапқа` енгізілген сирек және жойылуға жақын өсімдік түрлерін пайдалану. Фармакодинамиканың, фармакокинетиканың, фармакогенетиканың және дәрілердің өзара әсерлесуінің, дәрілердің жағымсыз әсерлері туралы, дәлелді медицинаның ұстанымдары негізіндегі білімдерін ескере отырып, барынша әсері жоғары және қауіпсіз дәрілік затарды немесе олардың біріктірілген жұптарын таңдап алу әдіснамасын үйрету. Оқытудың міндеттері: • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын және фармакологиялық әсерлеріне байланысты пайда болатын мүшелер мен жүйелердің қызметінің өзгерістері туралы білім беру; • дәрілік зат пен биомолекуланың арасындағы алғашқы фармакологиялық реакцияны талдауды үйрету; • дәрілердің қасиеттері туралы мәліметтерге сай оларды қолдану мүмкіншілігін үйрету; • рецептті рәсімдеудің негзігі принциптері мен рецептура жазуды үйрету; • дәрінің мөлшері мен концентрациясын есептеуді үйрету.
  • Образовательная программа 6B10104 Фармация
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top