Дәрігерлікке дейінгі алғашқы көмек

  • Медицина қызметкерлерінің мамандығына қарамастан, алғашқы көмек көрсету оның басты міндеті болып табылады. Өмірге қауіпті жедел жағдайлар диагностикасының негізгі қағидаларын, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуінің ережелерін білу, болашақ фармацевттерге дұрыс көмек көрсету үшін көмектеседі. Бірінші дәрігерге дейінгі көмекті оқып-білу әрбір жарақаттанған науқас жедел жәрдем бригадасы келмей тұрып жоғары сапалы медициналық көмек алу, әрі қарай дәрігерлік емнің нәтижелігін жоғарылату үшін, ал ең бастысы жедел жағдайда науқастың тірі қалуын арттыру үшін қажет. Пәннің мақсаты: студенттерді дәрігерге дейінгі жедел медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін өмірге қауіпті жағдайлардың негізгі диагностика тәсілдерін үйрету. Пәннің міндеттері: -студенттерді өмірге қатерлі, жедел жағдайлардың диагностикасының қағидаларын үйрету; -дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсетүдегі білімдермен дағдыларды қалыптастыру; -уақытша қансырауды тоқтату ушін стандартты құралдарды қолдануды үйрету; -ауырған және келенсіз жағдайға ұшыраған науқастарды тасымалдау ережелерін үйрету; -стандартты тасымалдау қалағын жапсыру ережелерін үйрету; -жараларға таңғыш байлауды үйрету; уға қарсы заттарды қолдануды білу және жасай білу; -асептика және антисептика негізін үйрету.
  • Образовательная программа 6B10104 Фармация
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top