Органикалық химия

  • Студенттерге органикалық химия теориялық негіздерін түпкілікті түсіндіре отырып, осы заманғы ғылыми жетістіктер негізінде органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерінің заттар құрылысына тікелей байланыстылықта болу заңдылықтары жөніндегі жүйелі білімді дәрітанудың химиялық проблемаларын шешуде қолдану. Оқыту міндеттері. ـ органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін, реакцияға түсу қабілеттерін түсіндіру; ـ органикалық заттардын химиялық қүрамын, құрылысы, қасиеттері мен биологиялық белсенділіктерінің арасындағы өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыру; ـ органикалық косылыстардың реакцияға түсу қабілетін алдын ала болжауды калыптастыру; ـ әдебиет және электронды көрсеткіштермен жұмыс істеу дағдысына үйрету. Пәннің мазмұны. 1. Органикалық қосылыстардың классификациясы, жіктелуі, құрылымдық изомериясы. 2. Органикалық қосылыстар молекулаларындағы атомдардың химиялық байланысы және өзара әсері. 3. Органикалық қосылыстардың кеңістіктік құрылымы. 4. Органикалық қосылыстардың қышкылдық және негіздік қасиеттері. 5. Көмірсутектер. Алкандар. 6. Циклоалкандар. 7. Алкендер (этиленді көмірсутектер, олефиндер). 8. Алкадиендер (диендер, екі қос байланысты көмірсутектер). 9. Алкиндер (ацетилен қатарындағы көмірсутектер). 10. Ароматты қосылыстар. Моноядролы арендер. 11. Конденсирленген ароматты қосылыстар. 12. Галогенкөмірсутектер. 13. Көмірсутектердің гидрокситуындылары және олардың тиоаналогтары. 14. Жай эфирлер және сульфидтер. 15. Аминдер. 16. Диазоқосылыстар. Азобояғыштар. 17. Альдегидтер және кетондар. 18. Карбон қышқылдары. 19. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. 20. Дикарбон қышқылдары. 21. Көмір қышқылының туындылары. 22. Гетерофункционалдық органикалық қосылыстар. Алифатты галогенқышқылдар.. 23. Гидроксиқышқылдар. 24. Оксоқышқылдар. 25. Аминқышқылдар, пептидтер мен ақуыздар. 26. Көмірсулар. Моносахаридтер. 27. Олиго- және полисахаридтер. 28. Гетероциклді қосылыстар. 29. Бір және екі гетероатомды бесмүшелі гетероциклді қосылыстар. 30. Конденсацияланған гетероцилдер. 31. Алкалоидтар. 32. Липидтер. Сабынданатын липидтер. 33. Сабынданбайтын липидтер. Терпеноидтар. 34. Стероидтар.
  • Образовательная программа 6B10104 Фармация
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top