Кәсіпкерлік қызмет негіздері

  • `Кәсіпкерлік қызмет негіздері` пәні бизнестің, коммерция және кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасын, кәсіпкерлік түрлерін, кәсіпкерлік қызметтегі персоналды басқару, бизнес-жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру, кәсіпкерлік құпия, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер, материалдық ресурстарды сатып алу және өнімді өткізу бойынша коммерциялық қызмет, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың жұмыс істеу механизмін, ұйымның коммерциялық қызметіндегі тауар айналымының мәнін, кәсіпкерлік фирманың инвестициялық қызметін қарастырады. Пәннің мақсаты «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсының мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қағидалары жөнінде білімдер кешенін қалыптастыру. Оқыту міндеттері: - Кәсіпкерлік саланы реттейтін ҚР-ның нормативтік актілерін оқыту; - Ұйымдар мен компаниялардың ұйымдастырушы құқықтық түрлерінің құрылу кезеңдерін оқыту; - Кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің механизмін оқыту; - Тыңдаушыны кәсіпкер мен басқарушы серіктесінің арасындағы өзара қарым – қатынасты құрудың негіздерімен таныстыру.
  • Образовательная программа 6B10104 Фармация
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 5
  • Семестр 1
Top