Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Эндокринология мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс жасау үшін жалпы тәжірибелік дәрігерлердің сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R008 Эндокринология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Балалар аурулары
Пән нәрестелер мен жас балалардың арасында жиі кездесетін аурулардың себептерін, даму барысын, диагностикасын, емдеу және олардың алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым.Балаларда кездесетін аурулардың диагнозын қойып, жетекші синдром негізінде дифференциялық диагноз жүргізе алады, аспаптық және лабораторлы зерттеу нәтижелерін интерпретациялауға қабілетті, клиникалық ойлауға машықтанады. Шұғыл жәрдем жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді атқара алады. Пацинетпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (балалар)
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (балалар) пәнінен кейін резиденттер эндокринологиялық науқастарды эксперттеу және диспансерлеу сұрақтарын шеше алады, науқастарды емдеу және оңалтудың кешенді әдістерін қолдана алады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет ете алады, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетеуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіптік топтар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Стационардағы эндокринология (ересектер)
Резидент стационардағы ересек адамдарда жиі кездесетін эндокриндік аурулардың клиникалық диагнозын тұжырымдай алады, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибеге негізделген емдеу жоспарын тағайындап және оның тиімділігін бағалай алады Ақпараттарды игеру барысында резиденттер клиникалық ойлауға машықтанады. Пацинетпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. Шұғыл жәрдем көрсетудің алгоритмдерін оқу кризистік жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді атқара алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 42
-
Ішкі аурулар
Пән - кең таралған ішкі ағза ауруларының себептерін, даму барысын, диагностикасын, емдеу және алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым. Осы пәнді игергеннен соң резидент клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, дәлелді тәжірибеге негізделген емдеу жоспарын тағайындап және оның тиімділігін бағалай алады, клиникалық ойлау кабілетін жетілдіреді. Пацинетпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. Шұғыл жәрдем көрсетудің алгоритмдерін оқу кризистік жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді атқара алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 12
-
Репродуктивтік эндокринология, бедеулік және жүктілік
Пән әйелдер мен ерлердің репродуктивтік денсаулығын зерттейтін ғылым болып табылады. Бұл пәнде бедеулік мәселелері, оның себептері, диагностикалық әдістері, клиникалық диагнозды тұжырымдай алуды және заманауи емдеу тәсілдерін, сондай-ақ жүктілік кезеңіндегі гормондық өзгерістер мен асқынулар қарастырылады. Гормоналды бұзылыстарды анықтап, емдеу әдістерін таңдауды үйренеді, репродуктивті денсаулықты сақтау және бала көтеру процесінде кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын саралап меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Стационардағы эндокринология (балалар)
Аталмыш пәнді өту барысында резидент стационарындағы балаларда жиі кездесетін эндокриндік аурулардың клиникалық диагнозын тұжырымдай алады, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибеге негізделген емдеу жоспарын тағайындап және оның тиімділігін бағалай алады. Ақпараттарды игеру барысында резиденттер клиникалық ойлауға машықтанады. Пацинетпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. Шұғыл жәрдем көрсетудің алгоритмдерін оқу кризистік жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді атқара алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 20
-
Жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек
Бұл пәнді өткеннен кейін резидент эндокриндік жүйенің функционалдық жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтай алады, науқасты тексерудің заманауи әдістерін жүргізеді, алынған мәліметтерді түсіндіре алады және асқынуларды диагностикалайды. Медицинаның басқа салаларының мамандарын тарта отырып, кеңестер ұйымдастырады. Денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады Эндокриндік аурулармен ауыратын науқастарды хирургиялық, сәулелік және радиологиялық емдеуге көрсеткіштерді анықтауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Эндокринологиядағы диетология
Пән эндокринді аурулары бар науқастарды тамақтану үрдісінің адам ағзасына тигізетін әсерін, тағамның қорытылуын, ағзадан шығу жолдарын зерттеп, емдәм принциптерін меңгертетін пән. Қант диабетінің емдәмін тағайындауда халықаралық деректердегі ақпараттарды қолданып, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау мекемелерінде алиментарлы-тәуелді және инфекциялық емес аурулардың алдын-алу бойынша халықтың әртүрлі топтарының әлеуетін және хабардарлығын арттыру мақсатында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Өз бетінше оқуға қабілеттілігін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер)
Пән емханадағы ересектер арасында жиі кездесетін эндокринологиялық аурулардың себептерін, даму барысын, диагностикасын, емдеу және олардың алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым. Ересектерде жиі кездесетін эндокринологиялық аурулардың диагнозын қойып, жетекші синдром негізінде дифференциялық диагноз жүргізе алады, аспаптық және лабораторлы зерттеу нәтижелерін интерпретациялауға қабілетті, клиникалық ойлауға машықтанады. Шұғыл жәрдем жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді атқара алады. Пацинетпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 20
-
Сәулелік және радиоизотопты диагностика
Резиденттер эндокриндік жүйе патологиясының диагнозын анықтау барысында қолданылатын сәулелі және радиоизотопты диагностика әдістерін меңгеріп, тиімділігін бағалай алады, тексеру нәтижелерін дұрыс интерпретациялайды. Заманауи визуальды диагностика тәсілдерін орынды қолдануын біледі: гипоталамо-гипофизарлы жүйенің визуальді диагностикасы, бас миының рентгенологиялық зерттеулері (КТ, МРТ), сәулелі диагностика, ультрадыбыстық зерттеулер. Бас миының және түрік ерінің рентгенографиясы. Балалардағы визуальді диагностика ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Диабет мектебі
Пән пациенттердің ауру туралы түсінігін кеңейтіп, өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сабақтар барысында қант диабетінің түрлері, патогенезі, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, глюкоза деңгейін бақылау, инсулинотерапия, таблеткалық препараттар, диабеттік аяқ пен басқа асқынулардың осложнений (Гипер-гипогликемиялық кома, диабеттік нейропатия, диабеттік ретинопатия, диабеттік микроангиопатия), алдын алу жолдары түсіндіріледі. Пациент өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйреніп, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алады. Қант диабетпен науқасқа ұзақ әрі сапалы өмір сүруге көмектесу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Клиникалық зертханалық диагностика
Пән эндокринологияның теориялық білімін одан әрі тереңдетуге, сонымен қатар оған берілген кәсіби және қызметтік міндеттерге сәйкес тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге клиникалық зертханалық зерттеу әдістерін түсіндіреді, адам ағзасының биологиялық материалдарының объективті химиялық және морфологиялық анализдерінің зертханалық тәсілдердің талдауының көмегімен организмнің және оның физиологиялық жағдайын, резервтік мүмкіншіліктерін бағалайды, патологиялық ауытқуларды анықтап, диагноз тұжырымдауға негіз беретін, динамикасын, ем нәтижесі мен реабилитацияны бақылауға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жүктілердегі эндокринологиялық аурулардың ағым ерекшеліктері
Пән ҚР-дағы ана аурушаңдығы мен өлім-жітімінің статистикасын ескере отырып, біріншілік (гестациялық) және қайталама экстрагениталдық (вирустық пневмония, артериялық гипертензия, созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит, HELP-синдром, созылмалы вирустық гепатиттер, анемия, тромбоздар, АФС, қант диабеті және т.б.) патологиясы бар жүкті әйелдерді қазіргі заманғы диагностика және жүргізу бойынша білім мен практикалық дағдыларды; жіті жағдайлар кезінде жүктіліктің барысын ескере отырып, шұғыл көмек көрсету бойынша құзыреттерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Эндокринологиядағы орын басу терапиясының негіздері
Пән эндокринологиялық аурулардың фармакологиялық тағайындалуларын гормоналды бұзылыс кезінде дәлелді медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде нақты тәжірибеге негізделген емдеу жоспарын тағайындап және оның тиімділігін бағалай алуды және қарсы көрсеткіштер мен жанама әсерлерді бағалай алуды. Гормондардың тиімділігін физикалық тексеру және зертханалық зерттеулер арқылы анықтауға қабілетті. Гормондардың тиімділігін төмендету немесе жоғалту арқылы ауыстыру қажеттілігін уақтылы анықтауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жетукізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті;
- медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті;
- барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
- өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.