Қақтығыстану және журналистика

  • Мақсаты - студенттерге қақтығыстық журналистиканың ғылыми-теориялық ұстанымдарын және қолданбалық аспектілерін терең игерту. Пәнді оқытудың нәтижесінде студент қабілеттілік танытуы тиіс: қақтығыстық мәселесін қоғам үшін пайдалы, әрі жағымды немесе жағымсыз құбылыс ретінде бағалай біледі; ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ ғалымдарының пікірлерін сарапқа сала отырып, қақтығыстар мен шиеленістерді талдай біледі; Америка ғалымы Л. Козердің шиеленістер мен қақтығыстардың әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайтындығы туралы пікірлерін жүйелейді; қақтығыстың қоғамның тазаруы мен дамуына тікелей ықпал ететіндігін саралай алады; қақтығыстық журналистиканың экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани қарым-қатынаспен сабақтастығын теория және практика жүзінде мейлінше игереді; қақтығыстық журналистиканың теориясы мен практикасы бойынша алған білімін өз зерттеулерінде, ғылыми мақалаларында кеңінен пайдалана алады.
  • Образовательная программа 6B03201 Журналистика және ақпарат
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top