Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03201 Журналистика және ақпарат в Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық қауіпсіздігі; Қазақстан Республикасының қазақтары мен басқа да халықтарының ұлттық мәдениеті, Қазақстандағы ұлтаралық қатынас, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және дамуы, журналистік этика және халықаралық қоғаммен байланыс мәселелерін білу
  • өзінің әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлін сезіне отырып, Қазақстан мен басқа елдердің БАҚ-тарының қазіргі жай-күйін, Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік проблемаларын қазіргі журналистиканың неғұрлым маңызды проблемалары мен жетістіктері, журналистің кәсіби қызметінің маңызды проблемалары, нарықтық экономика мен менеджменттің базалық заңдары, Қазақстан экономикасының инновациялық дамуының міндеттері, қағидаттары мен тетіктері, персоналды уәждеу
  • ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін біледі, ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, нақты материалдарды талдай білуді және оның негізінде журналистік жұмыс құруды, журналистік құралдарды өңдеуді, идеяларды өзіндік тәсілмен, оның ішінде ғылыми зерттеулер контекстінде қолдана білуді біледі
  • журналистік шығарманы жасаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын, ойлау мәдениетін, сөйлеу техникасын, мәтіндердің әр түрлерін, стилистика және редакциялау ережелерін меңгерген, мәтінді ауызша және жазбаша түрде дұрыс (қисынды) баяндай алады, түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау және болжау негіздерін меңгерген
  • мерзімді басылымдардың (газеттер, журналдар), телеарналардың, радиостанциялардың, интернет-басылымдардың, сайттардың, ақпараттық порталдардың редакцияларында, мемлекеттік және жеке, коммерциялық мекемелердің баспасөз орталықтарында журналистің дағдыларын меңгерген
  • редактор, шығарушы редактор, журналист, халықаралық журналист, бейнеинженер, бейне-оператор, режиссер, сценарист, қоюшы, диктор, бағдарлама жүргізуші, баспасөз хатшысы, PR маманы, Имидж жөніндегі маман, фототілші, верстальщик, мерзімді өнім маркетологы, Мемлекеттік баспасөз қызметінің басшысы, коммерциялық жарнама жөніндегі маман, БАҚ құрылтайшыларының жұмыс қағидаттарын білу
  • журналистика мен публицистиканың дәстүрлі және қазіргі заманғы жанрларын пайдалана отырып, ақпараттық және талдамалық материалдар дайындау
  • жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану; цифрлық бейнемонтаж бойынша, дыбыстық өңдеу және микширлеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етумен, желілік ақпарат құралдары ретінде интернет-сайттарды құру, желілік форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, фото және бейнематериалдарды графикалық өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға қабілетті, сондай-ақ аудиоматериалдардың дизайны, дыбыстық компьютерлік өңдеуі, әр түрлі форматтағы баспа басылымдарын беттеу, жұртшылықпен байланысты аудиовизуалды коммуникацияны жолға қою; ақпараттық қауіпсіздікті қолдау
  • философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология, экологиялық ойлау, құқық және кәсіпкерлік негіздері, ғылыми зерттеу әдістері туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру
  • жағдайға, мамандану саласындағы қоғамдық құбылысқа түсініктеме беру, кәсіби мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу, аудиторияны журналистік процеске тарту
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияға түсу
  • ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың негізгі әдістері, журналистік кәсіпқойлықтың қалыптасу кезеңдері, тұлғаның кәсіби ерекшеліктері, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы ілімдер бойынша білімі бар, қазіргі заманның өзекті мәселелерін талдау және оқырманға, көрермендерге, тыңдаушыға жеткізе алады
  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету
  • ақпаратты жинау әдістерін, танымдық іс-әрекетті, мәтінді баяндау формаларын, халықаралық құқық негіздерін, түрлі БАҚ-тардың жұмыс механизмдерін, қазіргі заманғы БАҚ мәселелерін, баспа, электрондық БАҚ-тардағы жұмыс ерекшеліктерін, компьютерлік желілер мен мәліметтер базасындағы жұмыс ерекшеліктерін қолдана біледі
Top