Спорттық журналистика

  • Пәннің мақсаты – студенттерге спорттық журналистиканың атқаратын рөлі туралы базалық білім беру. Спорттық журналистиканың қалыптасу және даму бағыттарының маңызды кезеңдеріне тоқталу. БАҚ-тағы спорт пен спорттық шаралардың насихатталуын, оны іске асырудағы журналистиканың қызметі мен үрдістерін, әдістерін талдау. Пәнді оқытудың нәтижесінде студент қабілеттілік танытуы тиіс: мамандықтың базалық үрдістерін игере отырып, оның әлемдік және отандық ерекшеліктерін меңгереді; спорт туралы жазылған теориялық және тәжірибелік еңбектерді саралай біледі; спорттық бағытта қызмет атқаратын басшылардың көмегімен мекемелік орындардың қызығушылығына байланысты екі-жақты байланыстар орнатады; спорт тақырыбына арналған материалдар жазуды үйренеді; дәстүрлі және инновациялық спорттық технологияларды насихаттайды.
  • Образовательная программа 6B03201 Журналистика және ақпарат
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top