Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01510 Математика в Halyqtar dostyǵy
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген, математика саласында теориялық және практикалық жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті математик-педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M010 Математика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілін меңгеру деңгейін, шетел әріптестерімен және серіктестермен қарым-қатынаста кәсіби және ғылыми саладағы әр түрлі әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ шет тілінде ресурстарды пайдалана отырып когнитивтік және зерттеу іскерліктерін дамыту үшін шет тілін меңгеру деңгейін, шет тілді коммуникативтік құзыреттілік деңгейін арттыру. Магистранттарға кәсіби (өндірістік және ғылыми) қызмет барысында, сондай-ақ өзі бетімен білім алуда шетел тілін пайдалануға мүмкіндік тудыратын деңгейдегі коммуникативтік құзыреттілікті игерту. Пән мазмұнында келесі мәселелер қамтылады: грамматика (герундий, есімше, сөзжасам) терминология; ақпараттық технологиялар саласындағы төңкерістер (АҚ саласындағы жақындағы зертемелер, ашылымдар, АҚ-ның болашақтағы бағыттары); мәдениаралық қарым-қатынастар; кәсіби-іскери пікір алмасулар; шешендік өнер және көпшілік алдындағы сөз және т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Графтар теориясы
Графтар теориясын, графтардың қасиетін оқытатын дискретті математиканың бір бөлімін меңгеру. Графтар теориясының практикалық мүмкіндіктерін білу. Түрлі білім салаларында, мысалы психология, химия, электротехника, сонымен қатар көлік тасымалдауда, басқаруда, сауда-саттықта жəне білім беруді жоспарлауда туындайтын кейбір проблемалар графтар теориясының мəселесі ретінде қалыптасуын үйрену. Графтар теориясын, алынған нəтижелерін жинақтайтын, біліктендіретін, жалпылайтын жəне жан-жақты тарататын білімнің түрлі аймағындағы басты негіздерін көрсету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Қоғамның заңдарын зерттеу және түсіну; мотивацияның негізгі ұғымдарын, басқарушылық мәселелерді шешуге көшбасшылық пен билікті қолдану, оқытудың әдістері мен әдістерін игеру, кәсіби білім негізінде топтық жұмысты ұйымдастыру. Педагогикалық коммуникативтік қарым-қатынастың негізгі түрлерінің болуы. Ойлау мәдениетін меңгеру, ақпарат жинақтау, талдау, қабылдау, мақсат пен жетістіктерді белгілеу, жеке күшті және әлсіз жақтарын сыни бағалау. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы және білім беру менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде ЖОО мен колледждердегі педагогикалық іс-әрекет қабілетін, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесідей аспектілер қарастырылады: - педагогикалық ғылым және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны; - жоғары білім берудің заманауи парадигмасы, білім беруді дамытудың мегатенденциясы және Болон процесі; - Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы; -жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі; -жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика); -жоғары білім беру мазмұны т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қазіргі теориясы бойынша дәрістер
Математикалық модельдеу тәсілдерін қалыптастыру, біршама күрделі «проблемалық» есептерді шешуге мүмкіндік беретін, кең тараған жалпы түрдегі үдерісті меңгеру. Модельдеу арқылы ойлау іс-әрекетін белсендендіру үшін физика, экономика, биология және т.б. білім салаларының нақты есептерін шешудің түрлі жолдарын қарастыру. «Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қазіргі теориясы» курсының іргелі ұғымдарын беру (анықтамалар, теоремалар, тұжырымдар), негізгі әдістерді оқу және оларды қолдануды үйрену; әртүрлі жеке дара ұғымдар мен зерттеулерді бip жүйеге келтіру нәтижесінде алда тұрған нақты есептерді шығару қабілетін арттыру, басқа математикалық, әдістерді, математика және физика салаларын зерттеп үйрену. Тұтас математикалық пәндердің жалпы формаларын, заңдылықтарын және құралдарын анықтай білу; Қойылған есепті түсіне білу, нәтижелерді қорыта білу,тұжырымдарды қатаң дәлелдей білу,есептің қойылуын жіктеп ажырата білу ,өзінің және белгілі ғылыми нәтижелерді көпшілікке ұсына білу, педагогикалық шеберліктің негіздерін білу. Қазіргі заманғы білім беру технологиясы жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастыру; білім беру электронды басылымдары мен ресурстарын әзірлеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Лаплас түрлендіруі және оның қолданылуы
Білім алушыларды қолданбалы мәселелерді шешуге қажетті математикалық ақпараттың негіздерімен таныстыру, білім алушылардың логикалық және алгоритмдік ой жүйесін, қабілеттілігін дамыту, математикалық әдебиеттерді және оның қолданбаларын өз бетімен оқып үйрену, аса күрделі емес қолданбалы математикалық мәселелердің моделін құрастыру машығын қалыптастыру . Пән бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремалар; - мамандық саласына сәйкес негізгі есептерді шешу әдiстерiн қалыптастыру. - математикалық модельдi құрап зерттеу; - мамандыққа байланысты қолданбалы есептерді шешудің негізгі әдістерін оқып-үйрену; - түрлі анықтамаларды, кестелерді қолдана білу; - әртүрлі шамаларға амалдар қолдану және олардың ретін бағалай білуге - математика пәні және оның арнайы курстары бойынша әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандандырылған пәндерді оқыту әдістемесі
Теория мен тәжірибенің бірлігін қалыптастыру, оқытушы мен білім алушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін меңгеру. Сонымен қатар, педагогиканы оқыту технологияларды, колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың мазмұны, формалары мен әдістерін игеруге мүмкіндік алады. Біліктілік мінездемесіне сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің негіздерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Вариациялау әдістері
Білім алушыларда оқу және практикалық қызметте қолдану үшін жалпы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық құралдарды оқу процесіндегі құзыреттіліктерін қалыптастыру . Вариациялау әдістерін, біртекті емес теңдеудің жалпы шешімін алу әдістерін білу . Сызықты біртекті емес дифференциалдық теңдеудің шешімін құру үшін еркін тұрақты вариация әдісін қолдану. Зерттелетін жиынтықтың ішіндегі белгілердің жеке мәндерінің құбылмалылығын анықтау. Вариация барлық құбылыстар мен процестерге тән екенін білу. Вариация көрсеткіштері орташа шаманы толықтыратынын білу; жиынтықтың біртекті немесе әр текті екендігін анықтау; белгі вариациясының шегін анықтау; көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылым философиясының басты мәселелерінің мазмұны мен мағынасы; ғылымның негізгі теориялық және қолданбалы аспектілері; Тарихи контекстегі ғылыми білім; адам мен қоғам өміріндегі ғылымның рөлі мен маңызы; қазіргі қоғамдағы ғылымның рөліне, ғалымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігіне байланысты этикалық мәселелер; ғылыми зерттеудің әдістері мен заңдылықтары. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: жоғарғы оқу орындарында оқытылатын тарихи философиялық және жалпы теориялық пәндерді қорытындылайды білімінің жаңа бағыттарының қалыптасуы мен дамуы туралы пән.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Процестер мен құбылыстардың математикалық моделдері
Қоғамдық ғылымдарды моделдеуде математиканы қолданудың үлкен оң тәжірибесі бар. Математикалық аппарат демография, криминология, халықаралық қатынастар, топтық динамика, әлеуметтік құрылым және тағы басқа әлеуметтік мәселелердің кейбір шеңберін моделдеуде қолданылады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Математикалық модельдер әртүрлі формада болуы мүмкін, соның ішінде динамикалық жүйелер, статистикалық модельдер, дифференциалдық теңдеулер, немесе ойынның теориялық модельдері. Осы және басқа типтегі модельдер әр түрлі абстрактілі құрылымдарды қамтитын сәйкес келуі мүмкін. Жалпы математикалық модельдер қамтуы мүмкін логикалық модельдер. Көп жағдайда ғылыми өрістің сапасы теориялық жағынан жасалған математикалық модельдердің қайталанатын эксперименттердің нәтижелерімен қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты. Теориялық математикалық модельдер мен эксперименттік өлшемдер арасындағы келісімнің болмауы көбінесе жақсы теориялар дамыған сайын маңызды жетістіктерге әкеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математиканы оқытудың дидактикалық әдістері
Математиканы оқытудың дидактикалық әдістері пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге физика,химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәндерін оқып үйренуге пайдалана білуге; математикалық құралдармен аспаптарды қолдана алу немесе пайдалана білуге; шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз етуге(оқулық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алу) үйрету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Білім алушыларды бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу; ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық); математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету; білім алушыларда ғылыми дүние-танымын қалыптастыру; Шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру; Эстетикалық тәрбие.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Математиканы оқыту процесінде жаңа білім беру технологиялары
Арнайы педагогикалық әдістерді жүйелі түрде қолдана отырып, интеллект, шығармашылық ойлау, ғылыми көзқарас және магистраттардың белсенділігін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту. Математика сабақтарында магистранттардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта технологияның жаңа әдістерін (сараланған оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және т.б.) пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейіндік мектептегі геометрияның таңдамалы тараулары
Бейіндік мектепте, жоғары сыныптарда бейінді оқытуды, бейіндік және таңдау курстары кіретін, білім алушылардың алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз етуде жеткілікті қорлары жоқ мектептер мен білім беру ұйымдарын біріктіретін білім беру жүйесін үйрену. Бейінді курстардың оқу сабақтарынан, оқу зертханаларындағы таңдау курстарынан, шеберханалары бар мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұратынын, қосымша білім беретін бейіндік мектеп білім алушылардың жан-жақты шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін тірек ұйымдарының (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында құрылатын жүйені меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Зерттеудің ғылыми жаңалықтарын, білім беру жүйесін жаңартудағы инновациялық технологияларға сипаттама беру; қазіргі оқытудың интерактивті құралдары анықтау, географиялық білім сапасын арттырудағы интерактивті құралдардың маңыздылығын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, философияның таным теориясы бойынша «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің бірлігі, олардың тарихи өзара байланысы туралы іргелі қағидалар; іс-әрекеттік теория, жеке тұлға теориясы, білім беру мазмұны теориясы; компетенттілік, әрекеттік, тұлғалық, мәдениет, танымдық, жүйелілік, экологиялық, тұтастық, аксиологиялық, әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Басқару мен басқару психологиясының теориясы мен практикасының эволюциясы және қалыптасу мәселелерін білу, ұйымның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің психологиялық аспектілерін меңгеру, ұйымдағы кадрларды басқарудың психологиялық аспектілері, ұйымдағы қақтығыстарды басқару, менеджмент процесін келісу, маркетингтік зерттеулер, басқарудағы қоғамдық қатынастар. Кәсіби қарым-қатынасты және корпоративтік басқаруды көрсету. Басқару психологиясының іргелі ұғымдарын меңгеру негізінде жоғары білікті мамандардың ғылыми дайындығын қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару саласының ең маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық пайдалану үшін алғышарт жасау. Пән мазмұнында келесі мәселелер қамтылады: заманауи менеджменттің негізгі бағыттарының білімін береді. Бизнес-технологиялардағы және басқарудағы психологиялық талаптарды ашады. Адамдармен өзара әрекеттестікпен байланысты басқару іс-әрекеті тиімділігінің психологиялық негіздерін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері
Алгебралық теңдеулерді радикал арқылы шешу, алгебралық амалдардың жалпы қасиеттері мұқиет зерттеу, сақина, өріс ұғымдарын математика мен жаратылыс танудың әр түрлі салаларында кеңінен қолдану. Математиканың теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Математика бастауыш курсының өзекті мәселесі теріс емес бүтін сандар, олармен жүргізілетін амалдар, шамалар және оларды өлшеу болып табылады. Осы өзектің төңірегінде алгебра және геометрия элементтері шоғырландырылған осыған байланысты «Алгебра элементтері» тақырыбында, атап «айтқанда» «функция» «өрнек» «теңдеу» «теңсіздік» «теңдеулер жүйесі» «теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығы» және т.б. ұғымдарды қарастыру барысында жалпы ұғымдар мен әр алуан жиындар туралы білімдер кеңінен қолданылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Операторлық коэффициентті дифференциалдық теңдеулер
Дифференциалдық операторлардың негізгі бейнесін және басты әдістерін қарастыра отырып, магистранттарды дифференциалдық операторлардың негізгі ұғымдары мен идеяларымен таныстыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Бағдарламаға Евклид кеңістігіндегі қисықтар мен беттер теориясы және топологияның негізгі түсініктері, көпбейнеліктегі тензорлық талдау, Римандық геометрия элементтері; Сыртқы дифференциалдық түрлердің бастапқы теориялары енеді. Осыған орай, басты міндетіне, пәннің негізгі түсініктерін ашу мүмкіндіктері және магистранттарға үйрету және ұғындыру жатады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Параллель есептеулер
Параллель компьютерлер, параллель программалар, параллель есептеулер туралы түсінік беру. Нормаланған кеңістіктер арасындағы үздіксіз сызықты бейнелеудің қасиеттерін зерттейтін функционалды талдау бөлімін меңгеру. Параллельді есептеу жүйелері; физикалық есептеуіш жүйелер, есептеу түйіндерінде деректерді бір немесе басқа жолмен параллель өңдеуді жүзеге асыратын бағдарламалық жүйелер жайында үйрену. Есептеулерді параллельдеу идеясы; параллельді есептеу жүйелерінің тарихы; параллельді есептеудің формаларын қарастыру. Разрядтық параллелизм, командалық деңгей параллелизмі, деректер параллелдігі және тапсырма параллелдігі, параллельді жүйелерге арналған бағдарламаларды жазу. Процестер арасындағы байланыс және синхрондау, параллельдеу нәтижесінде программа жылдамдығының өсу сипатын қарастыру. Параллель бағдарламаны құрастыру; параллель бағдарламаның тиімділігін бағалау жолдарын қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Параметрлі теңдеулер және теңсіздіктерді шешудің әдістемелік ерекшеліктері
Магистранттар пән бойынша сызықтық теңдеулер мен параметрлері бар теңсіздіктер, бүтін теңдеулер мен теңсіздіктер, квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер, бөлшек рационал теңдеулер мен теңсіздіктер, рационал теңдеулер мен теңсіздіктер, Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер, жоғары дәрежелі теңдеулер мен теңсіздіктер, трансценденттік теңдеулер, яғни параметрлері бар Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, экспоненциалдық теңдеулер мен теңсіздіктер теңдеулер мен теңсіздіктер, Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу арқылы математикадан терең білім алуға көптеген мүмкіндіктер бар. "Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу" курсының бағдарламасы магистранттардың теориялық білімдерін бекіту, математикалық заңдылықтарды терең білу және дәлелдеу, өз бетінше іздеу арқылы шығармашылық дамуды арттыру мақсатында құрылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Айырымдық шеттік есептердің теориясы
Бірінші және екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін үйрену, қазіргі заманғы ЭЕМ-де орын алатын есептердің сандық шешімдерін әртүрлі дәлдікпен, Коши есептерін шешу әдістерін, бұндай әдістерінің (Эйлер, Рунге-Кутта, Адамс, Милн, белгісіздік коэффициенттер) белгілі қателіктерін үйрену. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Сандық әдістермен дербес туындылы теңдеулерді шешкен сияқты қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу. Негізінде біз қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешуге көңіл аударуымыз керек, әдетте, ондай теңдеулерді шектік есептерді шешкендей шешеміз.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ықтималды есептерді шешудің арнайы тәсілі
Математиканы қоғамдық ғылымдарда моделдеуде қолданудың үлкен оң тәжірибесін,әр түрлі есептерді шешуде комбинаторика элементтерін қолданудың мүмкіндіктерін зерделеп, нақты геометриялық мазмұндағы есептерді шешуде тиімді қолдану. Ықтималдық теориясының принциптерін меңгеру. Комбинаториканың қарапайым бөлімдері: орналастырулар, алмастырулар,комбинаторика элементтерін пайдаланып логикалық есептерді шешу; комбинаторика элементтерін геометриялық мазмұндағы есептерді шешуде қолдану; жазықтықтағы нүктелер мен түзулерге берілген есептер; шеңберлерге берілген есептерді үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қосымша тараулары
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қосымша классикалық дифференциалдық геометрияның әдістері мен көрнекіліктерге сүйене отырып, магистранттарды қазіргі дифференциалдық геометрияның негізгі түсініктемелерін таныстыру болып табылады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Бағдарлама евклид кеңістігінде қисықтар мен беттердің теориясымен бірге, топологияның негізгі түсініктерін, көпбейнелердегі тензорлық талдауды мен риман геометриясының элементтерін, сыртқы дифференциалдық формалар бастапқы теориясының негіздерін қамтиды. Сол себеп бойынша оқудың міндеті негізгі түсініктері толық ашып және оларды магистранттарға дұрыс түсіндіру өте қажет.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі математиканың өзекті мәселелері
Қазіргі математиканың өзекті мәселелерін, соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласын білу. Математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын білу. Математикалық білім беру сапасы туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесін меңгеру. Кәсіби математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беруді жаңарту. Математиканы оқытуда тиімді технологияларды қолдану. Математика сабақтарында заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математиканы оқытудың теориясы мен практикасының мәселелері
Математиканы оқытудың теориясы мен практикасының мәселелері - математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Математиканы оқыту методикасы- педагогикалық ғылым, сондықтанда қоғамның талаптарына сай. Математиканы оқыту әдістемесі философияның, педагогика мен психологияның, басқа да ғылым саласының табыстарын қолданып, өзіндік әдістемелік жүйені құрады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математиканы оқыту технологияларында жасанды интеллектті қолдану
Математиканы оқыту сабақтарында жасанды интеллектті тиімді пайдалану, математикалық және геометриялық фигураларды тану, аудан мен периметрді есептеу сияқты тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың аналитикалық қабілеттерін дамыту. Жасанды интеллект математикалық ұғымдарды визуализациялауға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларын жекелеген білім алушылардың қабілеттеріне бейімдеу, автоматтандырылған әкімшілік тапсырмаларды орындау. Мақсат-жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне әсерін зерттеу арқылы болашақта оқу мәдениетіне ықтимал өзгерістер енгізу мүмкіндігін ашу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математиканы оқытудың инновациялық әдістері
Математиканы оқытудың инновациялық әдістері математиканың кейбір инновациялық тәсілдерімен оқытылуы мүмкін, ал жекеменшік мектептер дәстүрлі тақырыпты меңгерудің жаңа жолдарын іздестіретін жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Математиканы оқытудың инновациялық әдістері пәнінде әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуында және қажетін өтеуін көздейтін математикалық білімнің ізгілік қағидаларын басшылыққа алып, математиканың негізгі міндеттерін жүзеге асыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Стандартты емес және математиканы тереңдете оқытудағы есептерді шешу
Стандартты емес және математиканы тереңдете оқытудағы есептерді шығаруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады, ықшамды жолмен шығаруға ынталандыру, магистранттардың бойында өзбетінше ізденулерін, пәнге қызығушылықтарын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, біліктілікке құштарлықтарын, қабілетті балаларды жетілдіруді қалыптастыру. Жоғары математика теорияларын оқып үйрене отырып, қиындығы жоғары есептерді шығаруға үйрету; математиканы тереңдете оқытудағы есептерді шешу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шексіз аз шаманы талдау
Фактілерді жинау, оларды тұрақты жаңарту және жүйелеу, сыни талдау және осының негізінде жаңа білім синтезі немесе қорытындыларды сипаттап қана қоймай, қоғамдық құбылыстар, сонымен қатар себеп-салдарлық болжаудың соңғы мақсатымен байланыстыру. Фактілермен немесе тәжірибелермен расталған теориялар мен гипотезалар заңдар түрінде табиғат немесе қоғам қалыптастыру. Ғылыми зерттеу ерекшелігіне назар аудара отырып, мамандандырылған эмпирикалық және теориялық қызмет, әлем туралы шынайы білім алуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық анализдің қосымша тараулары
Математикалық анализдің қосымша тараулары курсының негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларын қолдануды оқып біледі, қазіргі математикалық анализдің негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін игереді. Математикалық біліктілікке қойылатын осы заманғы талаптар математикалық талдаудың қосымша тарауларын оқыту процесіне келесі мәселелерді меңгерді. Іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру, математика курсының қолданбалы бағытын күшейту, магистранттарды қолданбалы математикалық әдістерді қолдануға үйренуге бағыттау, математикалық білімді өз беттерінше кеңейтуге және тереңдетуге қол жеткізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістері
Зерттеудің ғылыми жаңалығына, білім беру жүйесін жаңартудағы инновациялық технологияларға сипаттама беру; қазіргі оқытудың интерактивті құралдары анықталып, географиялық білім сапасын арттырудағы интерактивті құралдардың маңыздылығын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, философияның таным теориясы бойынша «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің бірлігі, олардың тарихи өзара байланысы туралы іргелі қағидаларды; іс-әрекеттік теория, жеке тұлға теориясын, білім беру мазмұны теориясын; компетенттілік, әрекеттік, тұлғалық, мәдениет, танымдық, жүйелілік, экологиялық, тұтастық, аксиологиялық, әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дифференциалдық теңдеулерді шешудің торлық әдістері
Дифференциалдық теңдеулерді шешудің торлық әдістері — математикалық анализдің ең маңызды және жаратылыстану ғылымдары (физика, астрономия, механика т. б.) мен техниканың мәселелерін шешуде ерекше орын алатын саласы болып табылады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Дифференциалдық теңдеу бір шаманың екінші бір шамаларға тәуелділік заңын береді. Бұл теңдеулердегі белгісіздер бір айнымалы немесе екі, үш және онан да көп айнымалы шамалардың функциялары болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Функционалды-дифференциалдық операторлар теориясы
Сызықтық операторлардың теориясының теоремалары мен негізгі түсініктерін, сол сияқты әдістерін оқып үйрену. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Функционалды-дифференциалдық операторлар теориясы дифференциалдық оператор болып табылады оператор функциясы ретінде анықталған саралау оператор. Алдымен белгілеулер ретінде дифференциацияны функцияны қабылдап, басқа функцияны қайтаратын дерексіз операция ретінде қарастырған пайдалы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика сабағында электронды оқулықтарды қолдану әдістері
Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Курс бағдарламасы магистранттарға ғылыми зерттеулер түрлерін, зерттеу жұмыстарын жоспарлау кезеңдерін меңгеруге көмектеседі. Курс аясында ғылыми зерттеулердің жалпы әдіснамасы оқытылады. Ғылыми зерттеу үдерісінің жалпы сұлбасы. Ғылыми таным әдістерін қолдану. Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындалған педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесі сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми нәтижелерді жинақтау мақсатында көптілді ортада ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, шетелдік кәсіби терминологияны меңгеру, ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-танымал мақалаларды, шет тіліндегі мәтіндер мен монографияларды талдау;
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыру.
- Математиканың түрлі салаларында мәселелерді зерттеу, ғылыми ақпаратты таратудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалану, өздерінің зерттеу нәтижелерін түсіндіру, өңдеу және таныстыруды талдау үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
- Математикалық модельдерді дамыту және математикамен байланысты салалардағы проблемаларды шешу, эксперименттік зерттеулерді дербес жүзеге асыру, жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оқу процесін жеңілдетіп, дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау, нәтижелерін қолдану.
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын жинақтау.
- Математикалық ойлауға қабілетті болу, математикалық білімнің жалпы құрылымын түсіну, әртүрлі математикалық пәндер арасындағы өзара байланыстарын білу.
- Математикалық әдістермен педагогика, психология, математика және математиканы оқыту әдістемелері бойынша алынған білімдерді пайдалана отырып, зерттеу мәселелерін шешу.
- Орта мектепте математиканы оқытудың математикалық, педагогикалық және психологиялық заңдылықтары және олардың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін, терең білімдерін қолдану.
- Математикадағы фактілер, теориялар мен ғылыми нәтижелерге сүйену, математикалық қолданбалы мәселелерді шешу, олардың жұмыс істеу тиімділігін талдай білу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізу үшін өздерінің көзқарасын қорғау, аналитикалық және логикалық ойлау қабілетін көрсету.
- Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде өзінің ғылыми ойларын, шешімдерін және идеяларын әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізу.
- Математиканы оқытудың негізгі идеялары мен әдістерін және оларды айналадағы болып жатқан құбылыстармен байланыстыру туралы идеяларды әзірлеу, магистерлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау.
- Теориялық, ғылыми және практикалық математикалық есептерді шешу үшін мамандықтағы іргелі пәндер саласындағы мәселелердің ғылыми сипатын анықтау.