Графтар теориясы

  • Зерттеліп отырған жазықтағы жүйенің, үдерістердің, құбылыстардың кез келген көрнекті кескіні кең мағынадағы графикалық көрініс болып табылады. Оларға аймақтың жоспар-картасымен сипаттамасын, үдерістердің блок-схемаларын, диаграммаларын жəне т.б. байланысты сызбаларын, суреттерін, кескіндерді жатқызуға болады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Графтар теориясы – графтардың қасиетін оқытатын дискретті математиканың бір бөліміне жатады. Графтар теориясының практикалық мүмкіндіктері өте зор. Түрлі білім салаларында, мысалы психология, химия, электротехника, сонымен қатар көлік тасымалдауда, басқаруда, сауда-саттықта жəне білім беруді жоспарлауда туындайтын кейбір проблемалар графтар теориясының мəселесі ретінде қалыптасуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты графтар теориясы өз алдына қызықты деп қана саналмай, алынған нəтижелерін жинақтайтын, біліктендіретін, жалпылайтын жəне жан-жақты тарататын білімнің түрлі аймағындағы басты негіздерін көрсетеді.
  • Образовательная программа 7M01510 Математика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top