Сыныпты басқару

  • Пән озық педагогикалық әдістер мен тәсілдерді, басқару әдістерін және сынып ұжымын басқарудың психологиялық заңдылықтарын игеруге бағытталған. Пән оқу сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстар аясында оқытуды құру қағидаттарын зерттейді. Студенттер пәндік саланың ерекшелігін көрсететін және білім алушылардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктеріне, оның ішінде олардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін технологияларды пайдалана отырып, негізгі және қосымша білім беру шеңберінде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға қажетті құралдарды, сондай-ақ білім беру қызметі мен сынып ұжымын басқару негіздерін, ұжым психологиясы мен ондағы коммуникацияның ерекшелігін зерделейді. Практикалық сабақтарда білім алушылар ақпараттық пирамида, дайджест, мұғалімнің өзін-өзі дамыту жоспарын әзірлейді, әр түрлі жетілу дәрежесіндегі ұжымдарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша кейстерді шешеді. Іскерлік ойындар шеңберінде студенттер аудиториядан тыс іс-шаралардың үзінділерін, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы және т.б. өткізеді. Пәнді оқу «Сабақтағы іскерлік ынтымақтастық», «Сыныптағы жанжалдарды басқару» «Мінез-құлықты басқару» секілді осы саладағы сарапшылардың қатысуымен спич-таныстырылым (таңдау тақырыбы) қорғау түріндегі емтиханмен аяқталады
  • Образовательная программа 6B01550 Биология
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top