Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жазық және кеңістіктік конструкциялардың механикасы
-
Пәннің мақсаты – қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, жазық және кеңістіктік конструкцияларды есептеудің негізгі әдістерін тереңдете оқытып, ғылыми-педагогикалық бағыттағы механика магистрлерді дайындау. Курс жазық және кеңістіктік конструкцияларды есептеудің әдістері мен тәсілдерін қарастырады; есептеу сұлбасын салу түсінігі; элементтерді байланыстыру тәсілдері; жүйені геометриялық талдау; жүйенің еркіндік дәрежесі туралы түсінік; жүктемелердің түрлері; статикалық анықталатын жүйелерде ішкі күштерді анықтау әдістері; көп аралықты арқалықтар мен рамаларды есептеу; статикалық жүктеме әсері кезінде ферманың ішкі күштерін анықтау; оның есептеусызбасының ерекшеліктері; үш топсалы арка жүйесі; тірек реакциялары мен ішкі күштерді анықтау; жылжуларды анықтаудың жалпы әдісі; Мор интегралы; Мор интегралын Верещагин, Симпсон әдісімен, трапеция әдісімен есептеу; статикалық анықталмаған жүйелер; күштер әдісі; жылжулар әдісі; симметриялық жүйелерді есептеу ерекшеліктері.
-
Образовательная программа 7M05402 Механика
-
Несиелер 6
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 1