Қашықтықтан білім беру жағдайында педагог-психолог қызметі

  • Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы құзыреттіліктің жүйелі білімін қалыптастыру. Міндеттері: қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруды сипаттау; қашықтықтан оқыту жағдайында психологиялық диагностиканы, кеңес беруді, алдын алуды ұйымдастыру әдістерін саралау. Пән қашықтықтан оқыту жағдайында психологиялық диагностиканы ұйымдастыру, кеңес беру, алдын-алу әдістерін саралауға бағытталған. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: онлайн режимде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, әдістемелік жұмыс және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілік және қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіби деңгейді арттыру. Оқыту әдістері: жобалау, кейс стади.
  • Образовательная программа 7M01101 Педагогика және психология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top