Арнайы бағыттағы ұнды өнімдері технологиясы

  • Пәннің қажеттілігі: Ұнды өнімдерін алу технологиясының негізгі сатылармен мәнін, ассортиментін, түрлері жөнінде түсінік беру үшін құрастырылды. Силлабус пәннің мазмұнында арнайы бағыттағы өнімдерді дайындау сатылары, олардың ассортименті мен сапасын жақсартудың әдістерімен жолдары және оның тағамдық құндылығы және тағамдық қауіпсіздігі жөнінде айтылады. Пәнді оқып үйренудің мақсаты: студенттерді нан тоқаш өнімдерінің ассортиментімен таныстыру, нан және тоқаш өнімдерін алу технологиясының ерекшеліктерін түсіндіру, сонымен қатар соңғы жылдары жасалынып жатқан өндірісітік тәжірибені есепке ала отырып жаңа тоқаш өнімдерінің технологиясын оқып, соңғы технологиялық жаңалықтармен таныстырып оқыту. Пәнді оқып үйренудің міндеттері: шикізаттар, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге талдай жүргізу қадамын бақылауға, арнайы бағыттағы өнімдердің өндірісінің технологиялық процесін басқару мен барлық дайындау сатыларын реттеуге, арнайы бағыттағы өндірісі процестері мен негізгі технологиялық амалдары тиімділігін бағалау.
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Семестр 1
Top